ШЕКАРАНЫ ҰЛДАРЫМЕН БІРГЕ КҮЗЕТЕДІ

0
177

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының техникалық және кәсіби дайындық бөлімінде талай сарбаз Отан қорғаушы атанды. Солардың қатарында бір үйдің екі ұлы – Диас пен Мирас Сейфульдиновтер де бар.

Үйдің үлкені Диас «Күз-2023» мерзімді әскери шақырылымының сарбазы. Қазіргі кезде «Достық» шекара бөлімінің «Сарыбөктер» шекара бөлімшесінде фельдшер лауазымында. Інісі Мирас та Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының техникалық және кәсіби дайындық бөліміне ағасының ант қабылдаған оқу орталығында Отан алдында серт берді. Қазіргі кезде тағдырын бір жола шекараға арнауды ойлап жүрген сарбаз алғашқы әскери келісімшарт жасауға құжаттарын дайындауда.
Диас пен Мирастың шекарашы атануларына әкелері Асхат Сейфульдиновтың өмір-жолы үлгі десек болады. Ол ҚР ҰҚК Әскери институтының 1998 жылғы түлегі. Әкери қызметіне ширек ғасырдан асқан офицердің тағдыры шекара соқпақтарынан тұрады. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Байланыс және ақпараттық технологиялар бөлімінде қызмет атқарады. Шекара шебінде әскери өмірін бастап, түрлі лауазымдарды абыроймен атқарған.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ