ҚАЖЫРЛЫ ҚЫЗМЕТІМЕН СЫЙЛЫ

0
55

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасы «Нұр жолы» (жолаушылық) шекаралық бақылау бөлімінің бөлімше бақылаушысы ефрейтор Еламан Матайов мақтаулы шекара сақшыларының бірі.

Еламан Талғатұлы мерзімді әскери қызметін ҚР Ұлттық ұланы әскерінің Астана қаласында орналасқан 5573 әскери бөлімінде радиотелефоншы лауазымында атқарған. Шекара сақшыларының сапындағы әскери қызметі 2091 әскери бөліміне қарасты «Ынталы» шекара заставасында басталған. Шекаралық бақылау қызметінде де бірнеше рет биіктерді бағындырған. Өткен жылдары Алматы облысы бойынша департаменті ұйымдастырған «Үздік бақылаушы» сайысының жеңімпазы.
Қызмет барысында бірнеше рет тіркеу нөмірі сәйкес келмейтін көлік құралдарының жалған куәліктерін әшкере қылған. Бірнеше рет контрабандалық жолмен шекара асырғысы келген атокөліктің қосымша бөлшектерін тәркілеген. Жедел іздеуде тұрған адамдарды да анықтаған. Шекара қызметіне келісімшарт негізінде орналасуға азаматтық тұлғаларды табуға да белсенділік танытып жүр. Бос уақытын босқа өткізбеуге тырысатын шекарашы Бауыржан Момышұлы сияқты даңқты қолбасшылардың қаламынан туған туындыларды оқығанды ұнатады.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ