«SHOWDOWN» ҮСТЕЛ ТЕННИСІ

0
144

«Айти сервис Эдюкейшін» жастар қоғамдық бірлестігінің Жетісу облыстық филиалы, «Jetysu Jastary» КММ ұйымдастыруымен Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында «SHOWDOWN» үстел теннисінен жолдастық кездесу өтті.

Спорттық шарада алты команда жарысып, өз деңгейлерін көрсетті. Алғашқы ойынды «SHOWDOWN» Соқырлар үстел теннис федерациясы республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Серік Жүзбай мен Талдықорған қаласының мансап орталық филиалының директоры Азамат Балтабеков бастап берді.
Ойынға қатысқан «Шапағат», «Қайсар», «Алға», «Жетісу жастары», «Жігер», «КЦ Талдықорған» командалары әрқайсысы 2 таймнан 10 минуттан ойнап шықты.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды «Карьернай Центр Талдықорған» командасы иеленсе, екінші орын «Жетісу жастары» командасына, ал үшінші орын «Қайсар» командасына бұйырды.
Ойын жеңімпаздарына медальдар тағылып, Алғыс хаттар табыс етілді.

З. БЫЖЫБЕК.


ПІКІР ЖАЗУ