КІТАП КӨРМЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

0
151

«Шекара қызметінің құрылған күні» мерекесіне орай ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында кітап көрмесі өтті.

Шара шекара сақшыларына түрлі елдердің әдебиеттеріне арналған арнайы бұрыштарды таныстырумен басталды. Олар: Ресей кітап бұрышы, Иран кітап бұрышы, Үндістан кітап бұрышы, Пәкістан кітап бұрышы, Түркия кітап бұрышы, Корея кітап бұрышы, Қытай мәдениеті мен әдебиеті залы.
Көрмелер және мәдени бағдарлама қызметінің жетекшісі Жанар Әбдікерімова мен кітапханашы Зарина Мәлік шекарашылардың жауынгерлік қызметі мен тыныс-тіршілігін таныстыруға арналған жүзге тарта баспа беттерімен таныстырды.
Шекарашылардың өмірінен сыр шертетін туындыларға арналған көрме көрермендердің көңілінен шықты.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ