МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Alataugazeti.kz сайтына кірушілер мен пайдаланушылардың назарына!
Сайтта жарияланатын ақпараттық жаңалықтар, аналитикалық мақалалар, мамандардың пікірлері ретінде мазмұндалған мәтіндер, фотосуреттер, суреттер, бейнесюжеттер, аудиожазбалар мен өзге де материалдар төмендегі мәтінде қолайлы оқылуы үшін Материалдар деп аталады.
Осы сайтта жарияланған барлық Материалдардың авторлық құқығы, ерекше аталған жағдайларды қоспағанда, сайт иесіне, яғни Alataugazeti.kz (бұдан әрі — Сайт) сайтына тиісті.
Сайт әкімшілігі Сайтта Материалдар орналастыру және Сайт қызметінің басқа да түрлері бойынша Сайт иесінің ресми өкілі болып табылады.
Осы ресурста орналастырылған Материалдары Сайт иесіне тек қана жариялау құқығымен берілген; Аталған агенттіктердің жазбаша рұқсатын алмаған жағдайда қандай да болсын нысанда, реурстарда, интернет-сайттарда кез-келген Материалдың қайта жариялануына және ретрансляциялануына, көшіріліп басылуына немесе таратылуына ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Егер сіз көрсетілген агенттіктердің Материалдарын пайдаланғыңыз келсе, тікелей өздеріне хабарласуыңыз қажет.
Егер иллюстрация болып саналатын кез-келген Материалдың ALT аясында авторы не құқық иеленушiсі көрсетілсе, графиканы қайта жариялау мәселесі бойынша тікелей соған хабарласыңыз.
Alataugazeti.kz –те жарияланған «Жаңалықтар» айдарындағы Материалдардан басқа барлық Материалдарды яғни жоғарыда аталған ақпарат агенттіктерінің Материалдарын, сондай-ақ фото-, аудио-, бейне материалдарды сайттағы түпнұсқасына міндетті түрде гиперсілтеме жасап, Материалда баяндалған мазмұнын сақтай отырып кез-келген бұқаралық ақпарат құралдарында, Интернет желісі серверлерінде немесе басқа да тарату құралдарында үштен бірінен аспайтын көлемде қайта жариялауға, таратуға және ретрансляциялауға болады. Сайтқа жасалатын гиперсілтеме Материал мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде белсенді түрде көрсетілуі тиіс.
Шектеулер: «Блоктар мен көзқарастар» айдарындағы барлық Материалдардың түпнұсқасын немесе үзіндісін кезкелген ресурстарда, оның ішінде Интернет-сайттарда қайта жариялауға, ретрансляциялауға, қайта шығаруға, көшіруге немесе таратуға Тыйым салынады.
Осы айдардың Материалдарын қандайда болсын нысанда пайдалану құқығын тікелей Материал авторларының жазбаша рұқсаты арқылы ғана алуға болады.
Alataugazeti.kz сайтындағы авторлық фото, аудио және бейне Материалдардың түпнұсқаcын немесе үзіндісін кезкелген БАҚ-тың, оның ішінде Интернет-сайттардың көшіруіне, орналастыруына немесе басқаша пайдалануына редакцияның жазбаша рұқсаты арқылы ғана жол беріледі.
Сайт Әкімшілігі кез-келген уақытта Өзінің Материалдарын қайта басу және ретрансляциялау шарттарын себеп-салдарын түсіндірмей-ақ өзгертуге құқылы.
Егер Сайтта жарияланған Материалдардың төменгі жағында «Пікірлер» деген белгі бар болса онда сол Материалдарды талқылауға болады.
Материалдарға жазылған пікірлер Пайдаланушылардың субъективті көзқарасы болып табылады. Кез-келген Пайдаланушы төменде айтылған белгілі Ережелердің шарттарын сақтай отырып Сайттағы Материалдарға қатысты өз пікірін қалдыра алады.
Пікір қалдыру үшін пайдаланушының аты-жөні мен электронды мекен-жайы көрсетілуі қажет. Аты-жөні мен электронды мекен-жайын көрсету Сайттың Пайдаланушысы ретінде тіркелуі болып саналмайды.

Пікір жазушыларға төмендегідей тыйымдар салынады:
1.егер Пайдаланушы бұл ақпараттың иесі болмаса және осы ақпаратты өзі жазбаса, заң жүзінде немесе келісімшарт бойынша оны пайдалану үшін рұқсат беруге, тыйым салуға құқығы жоқ болса немесе Пайдаланушы осы ақпараттың иесі болса да, бірақ оған оны жариялауға берілген құқығы жеткіліксіз болса, заңмен немесе келісімшартпен шектеу қойылса;
2.заңмен қорғалған зияткерлік қызметтердің нәтижелері мен олардың бөлшектерінің көшірмесін және үшінші тараптардың патентін, сауда таңбасын, коммерциялық құпиясын, копирайтын және басқа да меншік құқығын немесе авторлық пен сабақтас құқықтарын, егер Пайдаланушылардың оларды пайдалануға қатысты айрықша немесе айрықша емес құқықтары болмаған жағдайда;
3.мазмұны талқыланып жатқан Материалда аталған тұлғаларды қорлайтын, және басқа да Пайдаланушылар мен өзге тұлғалардың беделін түсіретін, оларды қорқытуға бағытталған, зорлық-зомбылық жасауға, құқыққа, қоғамға қарсы, адамгершілікке жат қылықтар мен құқықтық тәртіпке және құлықтылыққа қайшы келетін әрекеттерді жасауға шақыратын пікірлерге;
4.мазмұны азаматтың ар-намысына, іскерлік беделіне және ұйымның іскерлік беделіне зиян келтіретін не болмаса келтіруі мүмкін, немесе кәмелетке толмаған тұлғалардың құқықтарын бұзатын пікірлерге;
5.балағат сөздерден тұратын пікірлерге;
6.мазмұны суицидте қолданатын құралдар мен әдістерді сипаттайтын, оны жасауға итермелейтін, насихаттайтын пікірлерге;
7.басқа да Пайдаланушылар мен өзге де тұлғалардың жеке басына қатысты немесе қатысы бар пікірлерге.
Пайдаланушы жазған пікірлерінің мазмұны мен баяндау тәсіліне жеке өзі жауапты болады.
Материалдарға қатысты Пайдаланушылар жазған пікірлер Сайт Әкімшілігінің немесе иесінің көзқарасы болып саналмайды және Сайт Әкімшілігінің немесе иесінің пікірімен бірдей болмауы мүмкін.
Сайт Әкімшілігі кез-келген уақытта, ескертусіз және себептерін түсіндірмей-ақ Пайдаланушылардың қандайда бір Материалға жазған кез-келген пікірін жоя алады немесе пікір жазуға тыйым сала алады.
Сайт Әкімшілігі Пайдаланушылардың Материалдарға жазған пікірлерінің мазмұнына, олардың заңнама талаптарына сай келуіне, құқық иеленушілердің және басқа да тұлғалардың авторлық пен сабақтас құқықтарын бұзғаны үшін, тауар белгілерін, фирмалардың атауларымен олардың логотиптерін заңсыз пайдаланғандары үшін, сондай-ақ қандайда болсын жарияланған пікірлердің салдарынан үшінші тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделері үшін жауапты емес, алайда кез-келген уақытта себептерін түсіндірусіз-ақ пікірлерді жоюға құқылы.
Жазған пікірлерінде Пайдаланушылар тиісті құқықтары болмай тұрып өзін басқа адам ретінде немесе белгілі бір ұйымның, қауымдастықтың өкілі ретінде, сонымен қатар Сайттың, Сайт Әкімшілігінің немесе иесінің өкілімін деп таныстыруға құқығы жоқ.
Сайт Әкімшілігі кез-келген уақытта өз қалауынша Материалдарға жазылған пікірлерді орналастыруды өзгертуге, тоқтатуға, сондай-ақ Сайттың кез-келген Материалына Пайдаланушылардың кіруін уақытша немесе мүлдем тоқтатуға құқылы.
Сайттың Веб-парақтарында басқа да интернет-ресурстарға сілтемелер жасалуы мүмкін. Ондай сілтемелер бойынша ауысуды Пайдаланушы өз қалауымен ерікті түрде шешім қабылдай отырып жүзеге асырады. Пайдаланушы осы ресурстарға кіру мүмкіндігі мен оларда жарияланған контент үшін, сондай-ақ осы ресурстарға ауысудан және оларды пайдаланудан туындайтын кез-келген жағдай үшін Сайт Әкімшілігі жауапты бермейтіндігін білуі тиіс.
Тыйым салынады:
1.Сайтта жарияланған ақпараттарды кез-келген әрекетпен және/немесе автоматтандырылған құралдарды пайданалу арқылы жинауға;
2.нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк, дiни өшпенділік пен араздық тұғызуға бағытталған насихаттар мен үгiттеулерге, қандай да болсын ұлттық, әлеуметтiк, дiни немесе тіл басымдықтарының белгілері бойынша соғыс пен зорлық-зомбылықты насихаттауға;
3.Пікірлерде жарнамалық сипаттағы ақпараттарды жариялауға;
4.нақты Материалға бағытталған пікірге жатпайтын кез-келген ақпаратты жариялауға;
5.Сайт жұмысын тұрақсыздандыруға бағытталған әрекеттерді жасауға, Сайтты басқару үшін немесе оның жабық тарауларына (тек Сайт Әкімшілігі ғана кіруге рұқсат етілген тарауларға) рұқсатсыз кіруге әрекеттенуге, сондай-ақ желіге шабуыл жасау деп бағаланатын қандай да бір әрекеттер жасауға;
6.қасақана не болмаса абайсызда жергілікті қолданыстағы, мемлекеттік немесе халықаралық болып саналатын кез-келген заңды бұзуға.
Заңды жауапкершілікке тартылатын жағдайлар туралы ескертулер
Сайт Әкімшілігі Пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен төмендегідей әрекеттер үшін азаматтық-құқықтық, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы арнайы ескертеді:
— заңға сәйкес құпия болып саналатын, яғни білуге шектеу қойылған ақпаратты (мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық, кәсіптік т.с.с. құпия болып саналатын ақпаратты) жария етіп, оның иесінің келісімінсіз бөтендерге мәлімдесе;
— зияткерлік меншік объектілерін заңсыз пайдаланса (ғылым, әдебиет, өнер шығармаларын, ЭЕМ арналған бағдарламалар мен дерекқорларды, фонограммаларды және т.с.с.), оның ішінде олардың көшірмелері мен бөлшектерін Интернет желісінде таратса;
— өшпенділік пен дұшпандық туғызса, адамдар мен тұлғалардың, топтардың ар-намыстарын қандайда бір белгілер бойынша кемсітсе, қорласа, азаматтарға қарсы зорлық-зомбылық жасаса, азаматтық міндеттерді орындаудан бас тартса, құқыққа қарсы әрекеттер жасауды насихаттаса, компьютерлік ақпаратқа заңсыз қол жеткізсе, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған басқа да әрекеттер жасаса.