Алакөлдегі клубтың қаржысы Сырдағыдан неге жоғары? /фактчек

55

 Мәжілістің  Үкімет сағатында  депутат  Мәди Ахметов  «Ауыл –  ел бесігі»  жобасы бойынша Алакөл ауданы, Ақтүбек ауылының 150 орындық  клубқа  бөлінген  қаржы 518 млн-нан астам, ал, тура осы сияқты Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Шалқия кентіндегі 150 орындық  клубтың құрылысына  50 млн.теңге кеткен»  – деп мәлім етті.  Біз бұл ақпараттың рас-өтірігін тексеріп көрдік.

 Үкім: Жалған

Дәлел: Алакөл аудандық мәслихатының депутаты  Алмат Есенбеков былай дейді:

 –Құжаттарды көрдік, Шалқиядағы 877кв/м мәдениет үйінің құрылыс құны  343 млн. 150 мың теңге, Ақтүбектегі бұдан үлкен 1500кв/м мәдениет үйіне 551 млн. теңге бөлінген. Сәйкесінше кв/м-ді қаржыға бөлсек Шалқиядағы мәдениет үйі Ақтүбектегіден қымбатырақ.  Яғни Шалқияда 1 кв/м. 391 мың теңге, Ақтүбекте 1 кв/м 380 мың теңге.

Сарби ҚАСЫМБЕКҚЫЗЫ

Бөлісу:

ПІКІР ЖАЗУ