БАҚ ӨКІЛДЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

0
18

Жетісу облысында бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған дәстүрлі Спартакиада барысында үстел теннисі мен шахматтан жарыс өтті. Қаламы жүйрік журналистер бұл жолы спорттық шеберліктерін сынға салып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Үстел теннисі бойынша бәсеке ерекше қызықты өтті. Ерлер арасында қарсылас шақ келтірмеген «Жетісу» футзал клубының өкілі Алмас Мырзахметов жеңіс тұғырынан көрінсе, екінші орынды «Жетісу» радиосының өкілі Аршын Айдынбекұлы иеленді. Қола жүлде «Вестник Жетісу» газетінің тілшісі Асхат Алтынбеков пен «Хабар» арнасының қызметкері Шыңғыс Қалиденге бұйырды. Ал қыздар арасында «Жетісу» радиосының журналисті Айдана Хасен сенімді ойын көрсетіп, бірінші орынға ие болды.
Шахмат сайысында да мықтылар анықталды. Ерлер арасында «Вестник Жетісу» газетінің өкілі Медет Бердешев шебер ойынымен көзге түсіп, жеңімпаз атанды. Күміс жүлде «Жетісу» телеарнасының қызметкері Надир Хамзинге, қола жүлде «Жетісу» газетінің журналисті Мәди Алжанбайға бұйырды. Қыздар арасында «Талдықорған» газетінің журналисті Сауле Мускенова үздік өнер көрсетіп, бірінші орынды жеңіп алды.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен, медальдармен және арнайы кубоктармен марапатталды. Мұндай шаралар журналистер арасында салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, әріптестік байланысты нығайтуға да оң әсер етуде. Қалам мен спортты қатар алып жүрген БАҚ өкілдерінің бұл бастамасы көпшілікке үлгі болары анық.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ