Жалдамалы пәтер ақысының 50 пайызын мемлекет төлей ме? /фактчек

0
743

«Атамекен бизнес» арнасының ютуб  каналында   жалдамалы пәтер ақысының 50 пайызын мемлекет  төлейді атты  хабарын ұсынды.  Бұл мәселенің рас-өтірігін анықтаған едік.

Үкім:Шындық

Дәлел: Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің әлеуметтік жаңғыру тобының мүшесі Ләззат Қожахметова былай дейді:

– Рас. Үкімет жалдамалы пәтердің тең жартысын  төлейтіні туралы ережені бекітті.  Қазір қазақстанда 590 мың адам үйдің кезегінде  тұр. бірақ, олардың барлығын баспанамен қамту  мүмкін еміс.  Салынып жатқан үйлердің көбі сапасыз және бюджеттен бөлінетін қаражат та аз. Сол себепті үй жалдап тұрған отбасыларға  мемлекет жарты ақшасын  төлеп беруді көздеп отыр.  Бұл қандай мақсатта десеңіз, яғни, жарты ақшасын Үкімет төлеп бергеннен кейін өздерінің  артылып, үнемделіп  қалған ақшаларын  субсидия  алған отбасылар «Отбасы» банкіне  депозит  ашып, жинап , келешекте  үй алулары үшін қамдануда жасалынып отырған алғы шарт.  Бүгінге , яғни, 4 сәуірге дейін 17 мың қазақстандыққа, 26 сәуірде 26 мың қазақстандыққа  осы  субсидияға ілігу  мүмкін екендігі туралы СМС хабарламасы жіберілді.

Сарби ӘЙТЕНОВА


ПІКІР ЖАЗУ