ЖЕТІСУ ВЕТЕРИНАРЛАРЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ АЛҒЫ ШЕБІНДЕ
Елімізде 10-шілде ветеринариялық қызметшілер күні. Осыған орай, Талдықорған қаласындағы Тіл сарайында бірқатар мамандар марапатталып аудандарға «Нива» автокөлігі сыйға тартылды.
Тіл сарайының мәжіліс залында өткен басқосуда Жетісу облысы әкімінің орынбасары Әлібек Жақанбаев жалпы Ветеринария саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Сондай-ақ, олардың жұмыстарына сәттілік тілеп, мал шаруашылығында белсенді қызмет көрсеткен 10 ауданға «Нива» автокөлігін сыйға тартты. Және Алакөл ауданына Жылжымалы автоинсениратор табыс етілді.
Айта кетсек, Облысымызда төрт түлік малдың саны 4%-ға өсіп, 2,8 млн. басты (2024 жылы – 2 709,8 мың бас). құрады (Оның ішінде, ІҚМ — 554,7 мың бас (118,6%), ұсақ мал – 2 млн. бас (100,6%), жылқы – 225,8 мың бас (104,6%), түйе — 2,4 мың бас (127,5%). Асыл тұқымды мал басы 13,4%-ға артты ІҚМ – 12,26%, ұсақ мал – 13,2%, жылқы – 59%), ал ет өнідірісі 3,2%-ға (2024 ж. – 28,2 мың тн, 2025 ж. – 29,1 мың тн), сүт өндірісі 2,6%-ға (2024 ж. – 74,6 мың тн, 2025 ж. – 76,6 мың тн) ұлғайды.
Жетісу облысы құрылғалы, ветеринария саласының материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға бюджеттен 2 млрд. теңге бөлінді.
Бұл қаражатқа 71 блокты-модульді ветеринарлық пункт пен 1 ветеринариялық станция салынды (857,6 млн. теңге), мамандарға 73 автокөлік (639 млн. теңге), сондай-ақ, республикада алғашқы болып облысымызға вакцина тасымалдауға арналған 1 рефережатор (35 млн. теңге), мал өлексесін өртеуге арналған 2 жылжымалы – кранды инсенератор (167 млн. теңге) сатып алынды. Ветеринариялық жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында 296,4 млн. теңге бөлінді (50 тоңазытқыш, 56 кір жуатын машина, 55 кондиционер, 238 планшет, 199 компьютер және т.б.). Бұдан бөлек, ветеринария мамандарының жалақысы 150 мың теңгеден 250-300 мың теңгеге көтерілді.
Облысымыздың ветеринария саласының дамуына күш салып, мал жануарларының аса қауіпті жұқпалы ауруларының алдын алу жұмыстарын сапалы атқарып жатқан ветеринарлардың еңбегі – бүгінгі мараппатарға дәлел.
Мұрат КҮМІСБЕК