Жалғыздың үні шықпас…

1229

Еліміздің Денсаулық сақтау министрі Е. Біртановтың мәлімдемесінде: 2020 жылға арналған «облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне вакциналар мен басқа иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға арналған нысаналы трансферттер» туралы бюджеттік бағдарлама аясында вакцинациялауға республикалық бюджеттен 29 млрд 090 млн 222 мың 0 теңге бөлінгендігі туралы  айтылды.  Оның ішінде: инфекцияға қарсы профилактикалық егулердің жоспарлы түрде жүргізілуін қамтамасыз ету үшін 9 дәріні 27 млрд 327 млн 968 мың 23 теңгеге;  6 жұқпалы ауруға қарсы 10 дәріні 1 млрд 647 млн 230 мың 97 теңгеге (бұның ішінде А вирустық гепатиті мен тұмауға қарсы егу жергілікті билік қаражаты есебінен алынады), вакциналарды және басқа иммунобиологиялық препараттарды сұйылтуға және енгізуге арналған шприцтерді 115 млн 022 мың 67 теңгеге сатып алыныпты.  Ал, 2021 жылдан бастап егу күнтізбесіне енетін адамның папилломавирусына қарсы вакцинациясы үшін 5 млрд 058 млн 556 мың 22 теңге қаражат бөлу жоспарлануда екен. Өздеріңізге мәлім, соңғы уақытта қоғамда қызу талқыға түскен тақырыптардың бірі  осы екпе мәселесі. Бұл тұрғыда біраз  жыл бұрын  ой қаузаған белгілі қаламгерлердің бірі:«Қазаққа екпе егу келгелі елу жыл болды. Егіп жатыр, егіп жатыр… Екпе десе де егеміз. Сау ма содан денеміз? Жаппай екпе салады. Оның қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс?Қай екпе қайсы ауруға пайдалы? Оның бәрінің қаншалықты зияны бар? Ал мұны ойлаған жан бар ма? Бар екен. Бірақ  жалғыз. Бұл – Райса Аманжолова. Ол кісі екпе атаулыға 40 жыл бойы күресіп келген дәрігер» дейді. Осы орайда  ағамыз: «жалғыздың үні шықпас» деген ойын да   меңзеген. Бұл жолы да  жалғыз болып Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан вакцинациялауды заңмен міндеттеу азаматтардың конституциялық құқықтарын шектеумен тең екенін айтып, өзінің қарсылық позициясын білдірді. Бірақ?..

 Қазақстанның медицина  ғылымдарының докторы, акушер-гинеколог Раиса Аманжолова екпе егу саласына   неге қарсы күресті? Бұл тұста дәрігер  БЦЖ, АКДС, т.б. вакциналарын қояндарға егiп тәжiрибе жүргiзген. Нәтижесінде, қояндардың алғашқы ұрпақтарында аса өзгерiс байқалмағанымен, бесiншi ұрпақта бiрде-бiр қоянның репродуктивтiк жасқа жетпегенi, тiрi қалғандарының мiнез-құлқы өзгерiп, бiрiн-бiрi жаралау сияқты қатыгездiк пайда болғаны анықталады. Осындай патологияларды бақылай келе Раиса Садыққызы «вакциналардың бiрден терi iшiне енгiзiлуi иммундық жүйенi әлсiретедi, сыртқы қауiптен терi, асқорыту жүйесi, тыныс алу мүшелерi арқылы қорғанатын адам ағзасы күтпеген жерден бiрден вирустық шабуылға душар болады» деген қорытындыға келген.  Қырық жылдай уақытын екпе  атаулыға қарсы күреске жұмсаған дәрігер: жаңа туған балаларға салған екпе дәрісін олардың нәзік асқазаны қорыта алмайтынын,  екпеге қолданылған дәрі ары қарай бауырға өтуіне байланысты, олардың тумай жатып сары аурумен ауыратынына әкеліп соғады депті. Айта кетейік, ол  өзінің балаларына ғана емес, өмірге келген немере, тіпті шөбересіне дейін екпе дәрісін жасаттырмаған. Бүгінде барлығы да аман-сау өмір сүруде. Әлбетте, бұл тәжірибе жағынан нақты  дәлел бола алады.  Ресейлiк ғалым, иммунолог Александр Коток та «Безпощадная иммунизация» атты  кiтабынд екпенің табиғи  иммунитетті бұзатынын  айтып, бірнеше мысалмен дәлелдепті. Жалпы,  екпелердiң қай-қайсысы болмасын адам ағзасын улап қана қоймай, ең алдымен адамдарды белсiздiкке, бедеулiкке ұшыратады екен. Бұл  мәлiметке сену, сенбеу әркiмнiң өз еркiнде. Қазірде  ел ішінде екпе егуге ашық  қарсы шығып жүргендер бар. Бірақ олардың жанайқайына Қазақстанның денсаулық саласын басқарып отырғандар   тыңдағысы жоқ. Неге?   

Сарби  ҚАСЫМБЕКҚЫЗЫ

Бөлісу:
ТегтерНЕГЕ?

ПІКІР ЖАЗУ