Жаңа нысандар бой көтереді

827

 «Nur Otan» партиясынан Алматы облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Қуат Баймырзаев әлеуметтік желі арқылы тікелей эфир өткізіп, сайлаушылармен емен-жарқын әңгіме өрбітті.

Желі оқырмандарының мазалаған сұрағы аз емес, соның бірі – білім саласындағы  жаңа нысандардың бой көтеруі жайында болды. Қуат Маратұлы бұл мәселені шешу аясында «Nur Otan» партиясының облыстық сайлауалды бағдарламасында алдағы 5 жылда жаңа мектеп пен балабақша салу көзделгенін атап өтіп:

«Үш ауысымды оқытуды жою үшін 24 680 орындық 39 жаңа мектеп салу жоспарланған. Бұдан бөлек 57 бейімделген мектептің орнына 5240 орындық 45 жаңа мектеп салу, 92 білім беру объектілерін күрделі жөндеуден өткізу секілді бастамаларды қолға алды. Нәтижесінде ҰБТ-да 100-ден астам балл жинаған мектеп түлектерінің үлесі 24 пайыздан 35 пайызға дейін артады», – деді.

Оқырмандар тарапынан қойылған  сауалдарға толық жауап берген үміткер Жетісу өлкесі халық көп шоғырланған облыстың бірі, сондықтан жаңа білім нысандардың салынуы уақыт күттірмейтін мәселе екенін айтты.

Эфир соңында Қуат Маратұлы  оқырмандарды 10 қаңтар күні өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.

«Nur Otan» партиясы Алматы облысының

 Сайлау қоры  қаражатынан  төленді.  

Бөлісу:

ПІКІР ЖАЗУ