Жыл басынан 1035 өтініш қарастырылды

458

Қазақстанның қазіргі заман тарихында сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл және ымырасыз күрес бағыты республиканың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі мәнін қалыптастырады. Бүгінде еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күштерімен ашықтық, транспаренттілік және қоғам алдындағы есептілік қағидаттарына негізделген осы жағымсыз құбылысқа қарсы іс-қимылдың жаңа тәсілдері қолданылуда. Бұл туралы өз сұхбатында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша Департамент басшысы Ернар Мақажанов айтып өтті.

– Ернар Әбсейітұлы, еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының бағыттары туралы айтып берсеңіз.
– Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру векторлары ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында көрініс табады, ол біздің мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны айқындайтын бағдарламалық құжаты болып табылады. Бірақ ол анықтаған негізгі бағыттар абсолютті емес екенін атап өткім келеді. Олар жекелеген іс-шаралардың орындалуына қарай сыбайлас жемқорлықтың құбылысын, оның себептерін, сыбайлас жемқорлық мінез-құлқының уәждемесін терең талдау нәтижелерін ескере отырып, тұрақты түзетіледі. Осы аспектіде еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асырудың негізгі бағыттарының бірі: сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру, қоғамдық бақылаудың рөлін күшейту, квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік органдар қызметінде ашықтықты, транспаренттілікті және есептілікті қамтамасыз ету болып табылады. Сондай-ақ, бюджеттік және квазимемлекеттік ұйымдарды өткізілетін Мемлекеттік сатып алуда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру және парасаттылық қағидаттарын нығайту бойынша жұмыс тәсілдерін өзгерту арқылы жазалаушы шаралардан осы құбылыстың алдын алуға баса назар аудару.
– Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қандай нәтижелерге қол жеткізді?
– Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың іске асырылуын халықаралық тәуелсіз ұйымдар бағалайды. Солардың бірі Transparency International жаһандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыс болып табылады, ол жыл сайын 180 мемлекеттің сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексін жариялайды, бұл елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудағы артықшылықтары мен кемшіліктерін атап көрсетеді. Аталған индекс талдаушылар мен кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін 100 балдық шкала бойынша көрсетеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан 38 балл жинап, 94-орынды иеленді, ал 2019 жылы еліміз 34 ұпаймен 113-орында болған еді. Бұл көрсеткіш елімізде жүргізіліп жатқан саясаттың оң бағасын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қабылданып жатқан кешенді шараларын көрсетеді. Біз тарихи шыңға жетіп, елеулі серпіліс жасадық. Transparency International ешқашан біздің елімізді соншалықты жоғары бағалаған емес. Қазіргі серпілістің арқасында біз бес жылға жоспарланған көрсеткішке қол жеткіздік.
– Біздің облыста сыбайлас жемқорлық бойынша жағдай қалай?
– Департамент жүйелі негізде сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу бойынша кешенді жұмыс жүргізеді. Жыл басынан бері 246 қылмыс тіркелген. Ауыр құрам және аса ауыр құрам бойынша 176 қылмыс тіркелді. Тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны 60% немесе 63 қылмыстық іс болып табылады. Есептік кезеңде қылмыстық жауапкершілікке 129 адам тартылды, оның ішінде 14-і бірінші басшы. Сонымен қатар, жыл басынан бері «жүйелі» сыбайлас жемқорлықтың 4 фактісі анықталды. Кешенді іс-шараларды іске асыру нәтижесінде 10 адам әшкереленді. Мемлекеттік бағдарламалар аясында 15 қылмыс тіркеліп, 17 адам жауапкершілікке тартылды.
– Ал облыста ең жемқор мемлекеттік органдар үштігіне кіретіндер қайсылар?
– Өткен жылы Transparency Kazakhstan Қоғамдық Қоры «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйіне мониторинг» зерттеуін жүргізді. Зерттеу аясында Алматы облысында 18-ден астам мемлекеттік ұйымдарда мәселелерді бейресми шешу мәдениетінің айтарлықтай дамығандығы атап өтілді. Біздің облыста анти-көшбасшылар салық департаменті мен өртке қарсы қызмет болды. Бизнес-қоғамдастықтың пікірінше, мәселелерді бейресми түрде шешу салық бойынша жылдық есепті/есептерді тапсыру, жер мәселесін шешу/жер учаскесін алу кезінде көптеп орын алған.
– Азаматтар Агенттікке қаншалықты жиі жүгінеді және неге шағымданады?
– Департамент жыл басыннан бері 1035 өтініш қарастырды. Оның 913 Жеке және 122 жеке тұлғалардан келіп түсті. Ал өткен жылдың статистикасына сүйенсек, облыста Жеке және заңды тұлғалардың 2688 өтінішін қарады. Жалпы, ел бойынша Агенттіктің орталық аппаратына 30 302 өтініш келіп түсті, егер өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырсақ, өтініштер саны 12% – ға өсті, осылайша көрсеткіштер жыл сайынғы өсу серпінін көрсетеді. Мысалы, өтініштердің басым көпшілігі жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты сыбайлас жемқорлық әрекеттерімен, түрлі салаларда қабылданған шешімдермен келіспеумен байланысты проблемалық аспектілерді ашады. Жетекші орындарды жер қатынастары саласы, білім беру саласы, мемлекеттік кірістер органдары, прокуратура органдары, сот органдары, Ішкі істер органдары, әділет органдары, банк ұйымдары алады.
– Жалғастырыңызшы: «Сыбайлас жемқорлық – бұл…»
– Сыбайлас жемқорлық бұл пара беру және алу ғана емес, сыбайлас жемқорлық – бұл мемлекеттік (қызметтік) билікті өзінің жеке мүддесі үшін теріс пайдалану. Басқаша айтқанда, бұл жеке тұлғаның пайда табу мақсатында мемлекет пен қоғамның заңды мүдделеріне қайшы келетін өзінің лауазымдық жағдайын заңсыз пайдалануы. Мемлекет пен қоғамның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық билікке, мемлекет пен қоғамға зиян келтіре бастайды. Сыбайлас жемқорлық билікті және онымен байланысты мүмкіндіктерді бүкіл қоғамның мүддесі үшін емес, жеке тұлғалардың немесе белгілі бір адамдар тобының мүддесі үшін пайдалануды білдіреді, бір сөзбен айтқанда, сыбайлас жемқорлық мемлекеттік билікті жеке мүдделер үшін заңсыз пайдалануды білдіреді.
– Сыбайлас жемқорлықтың қай түрін ең қауіпті деп санайсыз?
– Бүгінгі күні тұрмыстық сыбайлас жемқорлық ең көп таралған және ең қауіпті болып табылады. Себебі ол басқа да жағымсыз әлеуметтік құбылыстардың дамуына ықпал етеді. Мысалы, көлеңкелі, яғни заңсыз экономика орын алуы мүмкін. Сонымен қатар, тұрмыстық сыбайлас жемқорлық «күнделікті тетікке» өзгеріп күн сайынғы іс-әрекеттерді қара бизнеске айналдырады. Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық өмірлік маңызды салаларын қамтиды: денсаулық сақтау, білім беру саласы, т.б. Мұндай құбылыстар біздің өмірімізге қаншалықты терең және кең енсе, соғұрлым олар қоғамның моральдық негіздеріне нұқсан келтіреді. Ең қорқыныштысы, кез-келген мәселені бейресми түрде шешу әдеті бүкіл қоғамның моральдық тозуына әкеледі.
– Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасында қандай олқылықтар бар деп ойлайсыз?
– Сірә, олқылықтар жоқ шығар. Соңғы екі жылда қазақстандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада бірқатар елеулі өзгерістер мен жаңалықтар орын алды. Осы аспектіде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бірқатар заңнамалық новеллалардың бастамашысы болды. Осылайша, 2019 жылдан бастап қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін бірінші басшылардың отставкаға кету институты енгізілді. Өткен жылдан бастап ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануға тыйым салынды. Қауіпсіздігі барынша төмен колония-қоныстар деп аталатын қылмыстық-атқару мекемелерінде сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандар үшін жазаны өтеу мүмкіндігі алып тасталды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьяларға сыбайлас жемқорлық үшін жаза күшейтілді. Мемлекеттік қызметшілерге, Парламент депутаттарына, судьяларға шетелдік банктерде шоттар ашуға және иеленуге тыйым салынды, пара берушілер мен делдалдардың парақорлыққа жауапкершілігі күшейтілді, мемлекеттік қызметшілерге сыйлықтар беруге тыйым салынды, комплаенс-офицерлер институттары енгізілді. Осы заңнамалық нормаларды қабылдау Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға елеулі үлес болып табылады және осы аспектіде заң шегінен шығып кеткендерге кешенді түрде жақындауға мүмкіндік береді.
– Сіздің ойыңызша, Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту жұмысы қандай болуы тиіс (сыбайлас жемқорлық туралы кім, кімге және не айту керек)?
– Бүгінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асырудың маңызды бағыты болып табылады. Бұл аспектіде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің айрықша құзыреті ретінде ғана қарауға болмайды, бұл жұмысқа барлық мемлекеттік органдар, сондай-ақ азаматтық қоғам тартылуы тиіс. Өйткені, бүгінде азаматтардың белсенді қатысуынсыз сыбайлас жемқорлықты барынша азайту, жою мүмкін емес. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартушылықта тек белгілі бір адамдар тобымен шектелуге болмайды. Мұнда белсенді азаматтар, студенттер, БАҚ өкілдері, мәдениет қайраткерлері, блогерлер, оқытушылар тартылуы тиіс кешенді жұмыс жүргізілуі тиіс. Сонда олардың әрқайсысы өз саласында осы құбылыстың зияны туралы айтып, оны болдырмау үшін өз үлестерін қосатын болады.
– Ернар Әбсейітұлы, қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қалай тартуға болады?
– Алдымен жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға қатысуы қоғамдық бастамалардан шығатынын бірден атап өту қажет. Сондықтан, бұл жерде санға емес, сапаға көңіл аудару қажет. Бұл үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанында арнайы мониторингтік топтар, ақпараттық-ағартушылық штабтар, «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері жұмыс істейді, оларға белсенді азаматтар, тәжірибелі заңгерлер, адвокаттар, журналистер, оқытушылар қатысады. Өйткені, қоғам өз салаларындағы, бағыттарындағы барлық ауыр мәселелер мен жағдайларды біледі. Сондықтан бүгінгі таңда бұл алаңдар жаңа идеялар мен ұсыныстардың катализаторы, пікірталас алаңы ретінде қызмет етеді. Осыған орай, белсенді азаматтық ұстанымы мен парасатты ниеті бар кез келген азамат осы қатарға қосылып, өз үлесін қоса алады.
– Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысы қандай мақсатқа бағытталған?
– Алдағы уақытта біздің жұмысымыз жұртшылық өкілдерімен ауқымды жұмыстарды ұйымдастыру бойынша белсенді өзара іс-қимыл жасау арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталатын болады. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім салаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жүйелі талдамалық жұмыс жүргізу жалғасатын болады. Бұдан басқа, бюджеттік және әлеуметтік жобаларды одан әрі жедел сүйемелдеу, оның ішінде коронавируспен күреске бөлінген бюджет қаражатын игеру қамтамасыз етіледі.
– Сұхбат бергеніңізге рахмет.

А. МҰХАМАДИ.

Бөлісу:

ПІКІР ЖАЗУ