НАFЫЗ ПАТРИОТТАР ЕДІ…

1390

2019 жылдың 27-ші наурызы күні Қызылорда облысының Жалағаш ауданында Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырап, 13 адам қаза болған еді. Солардың арасында Талдықорған қаласынан кіші сержант Асхат Төкенұлы, аға сержант Мұрат Шарипов, ефрейтор Айдын әбділданов, сержант Қайрат Нұрсапанов, ефрейтор Қуаныш Мейрамғалиұлы және майор Тимур құдайбердиев те бар.

ҚР Қорғаныс министрлігі тапсырмасы-мен Алматы облыстық Қорғаныс істер жөніндегі Департамент бастығы полковник Талғат Жасболатұлының ұйымдастыруымен және Талдықорған қаласы Қорғаныс істер жөніндегі басқармасымен бірлесіп 22 қыркүйек күні қаза болған азаматтардың шаңырағында болып, материалдық көмек көрсетіп қайттық. Кіші сержант Асхат Абдулманаптың балалары бізді көргенде ерекше қуанды. Себебі, дәл сол күн әкелерінің туған күні екен. «Аспанда ұшып бара жатқан ұшақты көрген сайын әкем келетіндей сезімде боламыз» – дейді балалары. Тірі болғанда төрт баланың әкесі Асхат Төкенұлы 38 жасқа толар еді.
Алматы облысында Талдықорған қаласынан бөлек Талғар ауданында да дәл осындай акция болды. МИ-8 ұшағынан қайтыс болған жауынгерлердің отбасына көмек көрсетілді.

Есет ДӘУРЕНБАЕВ,
Талдықорған қаласы
Қорғаныс істер жөніндегі
басқарма бастығының кеңесшісі.

Бөлісу:

ПІКІР ЖАЗУ