Саяси кеңес бюро отырысы өтті

0
1163

Облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г.Тойлыбаеваның төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының Саяси кеңес бюро отырысы өтті. Бұл туралы Алматы облыстық партия филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Күн тәртібінде «Жастар-Отанға!» 2025 жылға дейінгі бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған жол картасын бекіту мәселесі қаралды. Облыстық «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Е.Ақболатов бюро мүшелеріне аталған бағдарламаны іске асыруы жайында баяндап берді.

Баяндамашының сөзінше,  «Жастар-Отанға» 2025 жылға дейінгі бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған Алматы облысы бойынша 21 жол картасының  (1 облыстық, 3 қала, 17 аудандық) жобасы әзірленіп, қала және аудандық жол карталары толықтай «Nur Otan» партиясының Саяси кеңес бюросында бекітіліпті.

– «Жастар-Отанға» 2025 жылға дейінгі бағдарламасында көзделген барлық 5 бағыт бойынша жол карталарында жалпы саны 16 индикатордан тұратын 40 облыстық, 59 қалалық және 345 аудандық деңгейдегі іс-шаралар қамтылған.  Жол карталарының уақытылы, әрі сапалы орындалуын және жауапты тұлғаларды бекіту мақсатында, облыстық басқармалар, аудан, қалалық жергілікті мемлекеттік органдар, жастар ұйымдарымен келіссөздер жүргізіліп, әр мекеме басшысының қолы және мекеме мөрі қойылған келісім парақтары әзірленді,  – деп атап өтті ол.

Бюро отырысында белгілі болғанындай, партияның 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасы, сондай-ақ, жастарды қолдауға бағытталған «Жастар – Отанға!» бағдарламасын тиімді іске асыру мақсатында  облыс бойынша әр деңгейдегі маслихат депутаттарынан құралған Жас депутаттар корпусы және партия жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес құрылып, облыс жастарының жан-жақты дамуы мен өзін-өзі қалыптастыруы үшін жағдай жасау бағытында жұмыстарды атқаратын болады.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ