Тарихын табыс көзі еткен Түркия

Қауіпсіз туризм» шеңберіндегі қауіпсіздік шаралары

Бес күндік сапардағы бағдарлама бойынша Бурса қаласындағы қонақ үйінде қазақ-қырғыз журналистері Түркияның туризмді насихаттау және дамыту Агенттігінің басқарма мүшесі Еркан Йаккымен өткізілген онлайн режиміндегі бейне – конференцияға қатысты.

Конференция барысында ол Түркия «Қауіпсіз туризм» жобасын қолға ала отырып, туристер үшін шекараны қайта ашқанын айтты. Яғни, бұл өлкеге табаның тию үшін арнайы шартты орындап, тәртіпке бағыну керек. Ең басты талап, ол 72 сағат бұрын арнайы форма толтырып, ПТР тестінің теріс нәтижесін жүктеу керек.


Еркан Йаккы мырзаның сөзінше, «Қауіпсіз туризм» бағдарламасы 150 ережеден тұрады. Ол ережелер бойынша турист барған жерінде өзін қауіпсіз сезінуі үшін барлық гигиеналық нормалар мен стандарттар сақталып, пандемия кезіндегі шет елде денсаулығының қауіпсіздігіне кепілдік береді. Басты үш ережесі, ол – маска тағу, әлеуметтік ара қашықтық пен тазалық сақтау.


Сонымен бірге туризм саласында жұмыс істеп, көпшілікпен байланысқа түсетін қызметкерлерге вакцина егу жұмыстары да басталып кетіпті. Вирустан сақтану үшін түрік бауырлардың алып жатқаны қытай елінде жасалған вакцина екен.

Еркан Йаккының сөзінше, Түркия – туризм саласында жетістікке жеткен елдердің бірі. Ендеше, вакцина егу мен «Қауіпсіз туризм» бағдарламасы арқылы карантин тұсында кенжелеп қалған туризм саласын жандандыруды қолға алып, туристер арқылы табыс табуға тас-түйін дайын отырғандарын да айтты.

Биылғы жоспар бойынша Түркия 32 миллион туристі қабылдамақ. Және елге келген шетелдік туристер мен туристік сектор қызметкерлері денсаулығының қауіпсіздігіне баса мән берілмек.

Жалғасы бар…

Сарби ӘЙТЕНОВА

Бөлісу:

ПІКІР ЖАЗУ