Тегін балмұздақ таратылады

0
2530

Халықаралық балалар күні  –  балаға қуаныш сыйлаумен қатар оның құқығын қорғап, қамқор болуға, әлімжеттік, қысым жасамауға үндейтін мейрам. Қоғамды кемтар, жетім, тұрмысы нашар отбасынан шыққан балаларды қорғауға, қолдауға шақыратын күн.

Осы мерекеге орай  «Jas Otan» ЖҚ Алматы облыстық филиалы, Алматы облыстық С.Сейфуллин атындағы әмбебап кітапханасы бірлесіп «1 маусым балаларды қорғау күніне» арналған қайырымдылық шарасын ұйымдастырмақ.

Шараның мақсаты – ата-ана қамқорлығынсыз қалған, ауыр науқасы мен мүгедектігі бар балаларға мерекелік көңіл күй сыйлап, «Қамқор» Талдықорған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тәрбиеленіп жатқан 120 бала мен Талдықорған қаласындағы «Қазақ Медициналық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің филиалындағы 47 балаға  тәттілер (7 коробка печенье 41 кг, 4 коробка конфет 24 кг) табысталмақ.

Аталмыш шараның жалғасы ретінде, Талдықорған қаласының көпқабатты үйлердің аулаларындағы бүлдіршіндерге 100 дана балмұздақ тегін таратылмақ.

Қамқор» Талдықорған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен  Талдықорған қаласындағы «Қазақ Медициналық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің филиалында ұйымдастырылатын  қайрымдылық  шарасы маусымның 1 күні  сағат 10.00-де өтеді деп күтілуде.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»

Кілтсөздер:БАЛАЛАР КҮНІ


ПІКІР ЖАЗУ