Тағы 7 адамнан жұқпалы індет белгісі табылды
Алматы облысында коронавирус індетінің тағы 7 жаңа дерегі тіркелді. Бұл туралы Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Атап айтқанда Қапшағай қаласы жəне Қарасай мен Талғар аудандарының əрқайсында 2 жағдайдан, Іле ауданында 1 жағдай анықталды. 7 науқас та белсенді түрде анықталған: 1980, 1986 жылдары туған 2 пациент бұрын сырқаттанғандармен байланыста болған, ал 1970, 1985, 1998 жылы туғандар мен 1988 жылы туған екі азаматтың індет жұқтырғаны профилактикалық тексерілу барысында анықталды. Ауырғандардың барлығы оқшауландырылып, қазір инфекциялық бөлімге ауыстырылған.
Эпидемиологиялық зерттеу жалғасуда.
28 мамырдағы жағдай бойынша Алматы облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 326 дерегі тіркелді.
«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»