Экономика өркендейді

704

 «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Жанна Жазықпаева кәсіподақ өкілдерімен «ZOOM» бағдарламасы арқылы кездесу өткізді.

Кездесу барысында партияның Алматы облысы және Қарсай ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді. Үміткер Жанна Тастемірқызы кәсіпкерлерге көрсетіліп жатқан қолдауларды айта келе: «Қарасай ауданында       жыл сайын жаңа бизнес идеяларды іске асыруға кемінде 60 грант бөлу, «Еңбек» бағдарламасы бойынша 60 қатысушыға шағын кредит беру қарастырылған. 2025 жылға дейін жыл сайын «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 5 жобаны іске асыру көзделгген. Бес жылдық сайлауалды бағдарламада шағын және орта бизнес кәсіпорындарының санын 17,5 мың бірлікке дейін көбейтіп, шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар санын 70 мың адамға дейін ұлғайту жоспарда бар», – деді.

Кездесу соңында Жанна Жазықпаева қатысушыларды алдағы маңызды саяси науқанға белсенді атсалысуға үндеп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Алматы облысының

 Сайлау қоры  қаражатынан  төленді.

Бөлісу:

ПІКІР ЖАЗУ