Ұстаздық еткен жалықпас…

228

Алида ЖАНКАНОВА: «Ұлым – Арман Дәулетұлы.  Жеті жаста. Қаладағы  №28  IТ  лицейінде оқиды. Отбасында кенже бала. Алдында екі әпкесі бар. Арман – өте зерек, әрі бауырмал. Көрген нәрселерін бірден есіне сақтап алады. Оқуда өте қабілетті, мектепте өткізілетін іс-шараларға белсенді қатысады. Ағымдағы жылы www.Ebilim.kz сайты ұйымдастырған «Жас математик» онлайн олимпиадасының жеңімпазы атанып, үздік нәтиже көрсеткені үшін I дәрежелі дипломмен марапатталды. Кішкентай кезінен сурет салғанды жақсы көреді. Үйде бос уақытында қағаздан  және LEGO конс-трукторларынан әр түрлі мүсіндер жасағанды ұнатады. Осы орайда айта кетсем, жазғы демалыс уақытында Арман FUTURE-IT орталығында LEGO EDUCATION WEDO роботехника негіздері  курсын оқып, сертификат алды.

«Мейірім» шығармашылық  орталығының  «Оригами» үйірмесіне қатысады. Бұл орталықтан өзіне қызығушылық тудырған басқа да үйірмелерге тіркедік. Атап айтсам, видеомонтаж, ағылшын тілі. Тек бұл жерде ғана емес, сонымен қатар оқушылар сарайында  роботехника үйірмесіне қатысады. Спорттан да қалыс қалған жоқ,  футболға жаны үйір.

Біз баламыздың қызығушылық танытқан бағытын үнемі қолдап, оны жүзеге асыруға қолымыздан келгенді жасаймыз.  Жоғарыда  аталған үйірмелердің қай-қайсысы болсада баланың сана сезімін, өмірге деген көзқарасын қалыптастыруға ықпалы өте жоғары. «Мейірім» орталығының басшысы Гүлмира Қуанышқызы  және барша ұжымға алғысымыз шексіз.  Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілейміз».

Анар СЛЯМОВА: «Қызым – Малика Маратқызы, тоғыз жаста. Отбасымызда екі баламыз бар. Көздің қарашығындай бір ұл, бір қыз. Маликаның ағасымен қарым-қатынасы өте жақсы. Бір-бірімен әрқашан тату болып жүреді. Не жасаса да, бірге жасап, бір-біріне көмектесіп отырады. Қызым қаладағы №17 орта мектептің  оқушысы. Мектепте оқу озаты. Бейнелеу өнерінен сурет алып, еңбек пәнінен жапсырмалау жұмыстарымен айналысуды ұнатады. Қағаздардан оригами жасайды.

«Мейірім» орталығына қыркүйек айынан бастап «Шешендік өнер»,  «Батик», «Ағылшын  тілі» үйірмесіне барып жүр. Үйірмеден матаға әр түрлі бояулармен сурет салуды, өлеңді дауыс ырғағымен, мәнерлеп айтуды үйренді.  «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, ұстаздарымыздың балаларға үйретері көп бола берсін».

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Бөлісу:

ПІКІР ЖАЗУ

Тағы да оқыңыз...