101 білім нысаны қайта жаңғыртудан өтеді

702

Жер шарын шарлаған пандемия салдарынан бар салада жұмыс бағыты басқаша қалыпқа көшкен. Яғни, басым бөлігі  онлайн негізде  жүруде. Осындай қалыпқа  көшкен саланың бірі – білім саласы.

Бүгінде Алматы облысы елдегі пандемиялық ахуалға сәйкес қашықтықтан оқуды жүйелі жүргізіп келеді. Қажетті жабдықтармен қамту жағы да жоғары деңгейде. Жалпы елімізде білім саласында жасалып жатқан оңтайлы істер жетерлік. Осы сынды тақырыпты сөз еткен «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Бағдәулет Үстенов «ZOOM» бағдарламасы арқылы білім саласының өкілдерімен жүздесті.

«Білекті бірді, білімді мыңды» жығады деген тәмсілді бабамыз тегін айтпаса керек. «Nur Otan» партиясы білім саласында етжеңді шаруаларды жоспарлап отыр. Мәселен, партияның сайлауалды бағдарламасында алдағы бес жылдықта өңірде балабақша сұранысын 100 пайыз қамтуды көздейді. Үш ауысымдық мектеп дегенді өткеннің еншісінде қалдырып, 80 жаңа мектеп бой көтермек. Әрине, білім беру ұйымдары стандартқа сәйкес заманауи жабдықтармен қамтылып, оқушылардың жан-жақты білімді, елдің керегесін кең етер ұрпақты тәрбиелемек, – деді Бағдәулет Нағыметбекұлы.

Бүгінде аймақта 867 балабақша, 760 мектеп, 76 колледж бен 2 жоғары оқу орны бар. Партия алдағы уақытта білім саласының нысан сандарын ұлғайтпақ. Себебі үш ауысымдық мектептерді азайту не мүлдем жою негізгі тақырып болып тұр. Осы бағытта Алматы облысында үш ауысымдық мектептерді жою үшін 80 мектеп салынбақ. Мұнан өзге партия өңірде балабақшамен қамтуды 100 пайыз шешпек. 101 білім беру нысанында қайта жаңғырту жүргізіп, пәндік кабинеттерді компьютерлік жабдықпен қамтуды 67,4 пайызға жеткізуді межелеп отыр. Осы сынды жоспарларды баяндаған үміткер Бағдәулет Үстенов 10 қаңтарда  өтетін сайлауда «Nut Otan» партиясын қолдауға шақырды.

«Nur Otan» партиясы Алматы облысының

 Сайлау қоры  қаражатынан  төленді.

Бөлісу:

ПІКІР ЖАЗУ