80 мектеп салынады

0
1570

 «Nur Otan»  партиясы сайлауалды бағдарламасында алдағы бес жылдықта өңірде балабақша сұранысын 100 пайыз қамтуды көздейді. Үш ауысымдық мектеп дегенді өткеннің еншісінде қалдырып, 80 жаңа мектеп бой көтермек. Әрине, білім беру ұйымдары стандартқа сәйкес заманауи жабдықтармен қамтылып, оқушылардың жан-жақты білімді, елдің керегесін кең етер алымды да қарымды ұрпақты тәрбиелемек.

Осындай келелі тақырыптарды облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Базархан Байтаев «ZOOM» бағдарламасы арқылы зиялы қауым өкілдерімен кездесуде сөз етті.

Халқымыз партиядан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтеді. Нақ істер партиясы жаңашылдығымен, елді өрісті дамуға жетелейтін қадамымен айшықты. Біз және партияластарымыз жарқын болашақтың негізін қалаймыз. «Nur Otan» партиясы ауылдағы ағайынның сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуін, балабақша мен мектептердің жаңалануын сайлауалды бағдарламасында негізгі бағыт етіп алды. Партия алдағы уақытта елдің жүйелі дамуына атсалыспақ. Жуырда жарияланған сайлауалды бағдарламаға алдағы бес жылда атқарар етжеңді жоспарларын кіргізді. Мәселен, елдегі үш ауысымдық мектептердің түбегейлі жойылуын, балабақшамен қамтуды 100 пайызға жеткізуді басты нысанаға алған, – деді Базархан Ізмуханұлы.

Үміткердің айтуынша, Алматы облысында үш ауысымдық мектептерді жою үшін 80 мектеп салынбақ. Мұнан өзге партия өңірде балабақшамен қамтуды 100 пайыз шешпек. 101 білім беру нысанында қайта жаңғырту жүргізіп, пәндік кабинеттерді компьютерлік жабдықпен қамтуды 67,4 пайызға жеткізуді межелеп отыр.

«Nur Otan» партиясы Алматы облысының

 Сайлау қоры  қаражатынан  төленді.


ПІКІР ЖАЗУ