39 млрд. теңге инвестиция тартылды

0
545

Қапшағай қаласында бүгінде ірілі-ұсақты «Қапшағай Кнауф», «Маревен Фуд», «Пеноплэкс», «Хенкель», «АлЭС Қапшағай ГЭС», «Технобазальт» секілді 54 кәсіпорын жұмыс жасап, Қазақстанның және сырт елдердің нарығын отандық өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді. Қалада өндірілетін өнеркәсіп өнімдерін 74%-і осы орта және ірі кәсіпорындардың үлесінде. 2020 жылы Қапшағайға 39 млрд. теңге инвестиция тартылған. Соның 90%-і бюджеттен тыс жеке инвестиция, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кәсіпорындарда еңбек ететін адам саны да жыл өткен сайын артуда. Мәселен, «Қапшағай Кнауф» зауытында бүгінде 260 адам жұмыс жасаса, «Маревен Фуд» кәсіпорнында тұрақты 600 жұмыс орны құрылған. 2020 жылы қаладағы өнеркәсіп саласында 350 жұмыс орны ашылған.
Қапшағай қаласы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, «Бизнес Бастау» мен «Жас кәсіпкер» жобасы аясында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында 135 адам кәсіпкерлік негіздері бойынша оқытудан өтті. Ал, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 13 кәсіпкер 24,8 млн. теңге шағын несие алған. Жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін өтініш беруші 80 адамға 44,5 млн. теңгеге гранттар берілді. Соның 15-і көп балалы отбасы, 6-уы – мүмкіндігі шектеулі жан, 25-і – 29 жасқа дейінгі жастар. Олар негізінен шаштараз, тігін және кондитер цехтарын ашуға ден қоюда. Бұдан өзге, Қапшағай қаласының жұмыспен қамту орталығы арқылы да түрлі салада оқып, мамандық алып, қоғамдық, әлеуметтік жұмыстарға орналасып, өз кәсіптерін ашып, дөңгелетіп жатқан адамдар біршама. Қала бойынша аз қамтылған 271 отбасына атаулы әлеуметтік көмектер берілді. Сондай-ақ, «Жол картасы 2020» бағдарламасы іске асырылып, Қапшағай қаласында 23 нысан бойынша 252 адам жұмыспен қамтылды.

Бөлісу:
ТегтерКӘСІП

ПІКІР ЖАЗУ