Жетісулықтар ұлттық құрама сапында

0
1508

Облыс әкімдігінің 2011 жылғы 20 қаңтардағы № 2 Қаулысы негізінде «Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған облыстық спорт клубы» МКҚК ашылған. 2017 жылғы 5 маусымда Алматы облысы әкімдігінің №238 қаулысымен бұл клуб «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «мүгедектерге арналған облыстық мамандандырылған спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды. Содан бері 23 спорт түріне баулып келетін мекеме кіл мықтыларды аламандарға қосуда.

 

Мүгедектерге арналған облыстық мамандандырылған спорт мектебінде жалпы саны 753 кембағал спортшы бар. Олар жеңіл атлетика, жүзу, үстел теннисі, садақ ату, шаңғы жарысы, арбамен билеу, футбол, шахмат, дойбы, еркін күрес, армрестлинг, каратэ сынды түрлі спорт түрлерімен шұғылданады. Мұндағы қыз-жігіттерді 48 жаттықтырушы баптайды. Төгілген тер мен есіл еңбект еш зая кетпеген. Оған дәлел аталған мекеменің ұландарының ішінде бір спортшы «ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері», 33-і «халықаралық дәрежедегі спорт шебері», 26-сы «ҚР спорт шебері», 92-сі «ҚР спорт шеберіне» үміткер, 100-ден астам мүшесі 1-ші спорттық разрядқа ие болған.
Сонымен қатар, сан алуан спорт түрлері бойынша Алматы облысындағы 112 мүмкіндігі шектеулі спортшы Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесіекенін атап өткен жөн. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығып жүрген қайсар жандардың жетістігі тек бұл ғана емес. Мәселен, 2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасының чемпионаттарында, Қазақстан Республикасының кубоктарында, Паралимпиадалық ойындарда, Қазақстан Рес-публикасының спартакиадасында және халықаралық жарыстарда, турнирлерде 2011 жылдан 2019 жылға дейін 430 алтын, 330 күміс және 236 қола медаль жеңіп алған. 2020 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 23 алтын, 14 күміс, 20 қола медальді қанжығаларына байлаған.Байрақты бәсекелерде топ жарып жүргендердің қата-рында Захар Буймов мен Максим Тен де бар. Қос саңлақ 2020 жылдың 20-23 ақпанында Манчестер қаласында жастар арасындағы пауэрлифтингтен Әлем Кубогында 1-орынға тұрақтаған.
Негізінен Алматы облысының мүмкіндігі шектеулі спортшылары 2016 жылы 6 халықаралық және 26 республикалық, 2017 жылы 10 халықаралық және 34 республикалық жарыстарда бағын сынап көрген. Бұл да өз кезегінде толайым табыстардың үздік бастамасы болды деп ауыз толтырып айтуға болады.
Мойындарына таққан жүлдедері, ел қоржынына түскен медальдары тек сан үшін қызмет етіп қойған жоқ. Ерекше қабілетке ие жандардың ерліктері облыс әкімі Амандық Ғаббасұлының әркез назарында. Нақтылай кетсек, 2017 жылы спорт күніне арналған кәсіби мерекеге орай Алматы облысының әкімі Рио де Жанейрода (Бразилия) өткен XV жазғы Паралимпиада ойындарының жүлдегері Раушан Қойшыбаеваға екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстаған еді.
«Өткен кезеңдегі көрсет-кіншті жаңартуға талпынған мекеменің алға қойған мақсат-тары Алатаудың шыңымен тең. Ағымдағы жылы Алматы облысы мүгедек-спортшылары спорт түрлері бойынша ҚР чемпионаттары мен кубоктарында өнер көрсетіп, ақпанда (БАӘ) 11 фазаның халықаралық турнирі пауэрлифтинг, жеңіл атлетика, садақ ату бойынша бақ сынайды деп жоспарланған. Наурызда Өзбекстанда 100 дойбыдан Азия чемпионатына қатыспақпыз. Сәуір айында таэквондодан Азия чемпионатында бағымызды сынамаққа бекіндік, ал желтоқсан айында Германияда арбамен билеуден әлем чемпионатына барамыз, ал 5-25 желтоқсан аралығында Бразилияда бастау алатын XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарына бармақпыз»,– дейді «Мүгедектерге арналған облыстық мамандандырылған спорт мектебі» КММ директоры Ерлан Бақытбай.

Л. АЙДЫН.

Кілтсөздер:БРИФИНГ


ПІКІР ЖАЗУ