89,3 млрд теңгенің азық-түлігін өндірді

0
1845

 Өңір бойынша  өнеркәсіптің өңдеу секторының үлесі 86,6 пайыз  болып, республикадағы жоғары көрсеткішке жеткен. Соның ішінде азық-түлік өндіру үлесі 40 пайыздан  асады. Мәселен, биылғы жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында облыс кәсіпорындары 89,3 млрд теңге болатын немесе өткен жылдың 114,2%-на тең келетін азық-түлік өнімдерін өндірді. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін мыңнан астам кәсіпорын құрады. Онда 70 мыңнан астам адам жұмыс істейді. 2020 жылдың 1-ші жартысында «Жетісу Соя», «AGRITECH», «Секвойя плюс», «Catexpo», «Alacem», «Феникс Фид Миллс», «Ақтоғай Ресайклинг», «Алмаз Керамикс», «ТКМЗ» ЖШС-ларының индустриалды жобалары жүзеге асырылады, соның арқасында 850 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Жалпы өткен жылы облыс өнеркәсібінде сусын өндіру – 12,7%, жеңіл өнеркәсіпте  –  29%,  фармацевтикада –  20,1%, дайын металл бұйымдарында – 38,9%, машина жасауда 60 пайызға  ұлғайтылған.  Соның ішінде облыс өнеркәсібінің жалпы көлемінің 40 пайыздан  астамын тамақ өнімдері мен сусын өндіру құрайды. Мәселен, облыста жылына шамамен 1 млрд литр  сусын шығарылады, өнімнің ассортименті үнемі молаюда. Биылғы жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында облыс кәсіпорындары 89,3 млрд  теңгенің немесе өткен жылдың 114,2%-на тең  келетін азық-түлік өнімдерін өндірді.

Облыс кәсіпорындары шығарған өнімдерін ішкі нарыққа саудалаумен қатар, сыртқа экспорттау географиясын да кеңейтіп келеді. Мәселен, жаңадан ашылған ет өңдеу кәсіпорынның бірі «Империя Фуд» ЖШС Қытай, Иран және басқа да елдер нарығына шықты. «АзияАгроФуд» ЖШС Қырғызстанға және Өзбекстанға ұн жеткізеді. Ал «Жаркент крахмал-сірне зауыты» ЖШС өнімдерін Қытайға, Қырғызстанға, Өзбекстанға, Тәжікстанға, Ресейге, сол сияқты «Хамле компании ЛТД» ЖШС кондитерлік өнімдерін Қырғызстанға, Ресейге, Өзбекстанға экспорттайды.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»

 

 

 

Кілтсөздер:ӨНЕРКӘСІП


ПІКІР ЖАЗУ