«Ashyq» жобасы қарқын алды

0
823

2021 жылдың 10-шы тамыздағы жағдай бойынша Алматы облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай нашарлауда, облыс қызыл аймақта орналасқан.  Бұл  туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында айтылды.

Соңғы тәулікте КВИ-дың 270 жағдайы тіркелсе, өсу қарқыны – 0,8 пайызды құраған. Ал, 14 жасқа дейінгі 25 балада, 16 оқушы және 3 студентте коронавирус анықталғаны мәлім болды.

Алматы          облысы          санитарлық-эпидемиологиялық бақылау   департаментінің баспасөз-хатшысы Әлия Шагиахметтің сөзінше, өткен аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл, Балқаш, Ескелді, Қарасай, Қаратал, Кербұлақ, Сарқан аудандарында және Қапшағай қаласында байқалған.

Вакцинаға келсек, өңірге  барлығы 1 компоненттен 679 255 доза келіп түскен.  Жалпы облыс бойынша халықтың 53 пайызы  вакцина алды.

Осы  жылдың 14 сәуірінен бастап Алматы облысының аумағында «Ashyq» пилоттық жобасы іске қосылғаны белгілі. Баспасөз-мәслихатында белгілі болғандай, бүгінгі таңда облыс бойынша 2829 нысан «Ashyq» арқылы  жұмыс жасауда. Аталмыш  жо-баны  енгізу басталғаннан бері мониторингтік топтармен 1797 нысан қамтылып, 371-інде жұмыс алгоритмін бұзу фактісі анықталған.  Бұдан басқа, аймақ  бойынша QR-кодты сканерлеу кезінде «қызыл» және «сары» статусы бар 314 келуші анықталды, оның ішінде «қызыл» статусы 148-інде, «сары» статус 166 келушіде анықталды. Алакөл, Еңбекшіқазақ және Капшағай қаласының 5 келушісіне 218 775 теңге сомасына әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама қолданылды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

 


ПІКІР ЖАЗУ