Жастар агитациялық флешмоб өткізді

0
2691

 Талдықорған қаласындағы Жастар спорт сарайының алдында «Nur Otan» партиясының ұйымдастыруымен агитациялық флешмоб өтті.

«Nur Otan» партиясы жақтастарынан құралған еріктілер тобы үгіт-насихат жұмыстарын «Жастар» cпорт сарайында  өткізді. Кезекті кездесуге Талдықорған қалалық партия филиалынан 70 белсенді жас қатысты. Аталмыш іс шара әлеуметтік желіге жарияланып, жергілікті тұрғындардың оң бағасына ие болып ғана қоймай, халықтың қошеметіне бөленді.

Бүгінде барлық азамат партиядан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде. Ол үшін «Nur Otan»   партиясы жүйелі партиялық қайта жүктеуді және партия ішілік іріктеуін өткізді.

Флешбом барысында қатысушылар тарапы: «Партия барлығы үшін ашық! Біз сындарлы ұсыныстарды қолдауға дайынбыз және өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеміз. Сондай-ақ жақсы нәтижелерге бірге қол жеткізетінімізге сенімдіміз! Аймақты одан әрі дамыту әр азаматтың өз қолында» деген партияның ұранын алға тартып, Қазақстанның болашағына дауыс беруге  шақырды.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ