Он екі медаль қоржынға салды

0
35

2026 жылдың қыркүйек айының 11-12-сі күндері Қонаев қаласында дзюдодан 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында А.Т.Торгаутовты еске алуга арналган ашық республикалық турнир өтті.

       Бұл жарыста «Ж.Үшкемпіров атындағы Талдықорған қаласындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушылары тамаша табысқа жетіп, он екі медальды қанжығаға

 

 

 

 

байлады.
Атап айтсақ, Бакыт Мансур 60 келі салмақта, ал Абылай Қызыржанұлы 73 келіде атой салып, чемпион атанса, Нұржан Ануарбеков, Мәдина Жолбарыс, Турача Абдывайтова ақтық айқаста ғана қарсыластарына жол беріп күміс медальды қанағат тұтты. Сонымен қоса, Мәди Ахмет, Гүлім Акжул, Маржан Алмабаева, Айнара Рыскелді, Дәулет Даулетхан, Меруерт Әділжан, Ерасыл Қыдырәлі өз салмақ дәрежелері бойынша жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтеріліп, қола медальға қол созды.
Айман СЕРІКҚҰЛОВА,

мектеп-интернат-колледжінің әдіскері