Жүргізуші айыппұлдың күшін қалай жоя алады

0
33

Жол ережесін бұзғаны үшін салынған айыппұлмен келіспеген жүргізуші оны даулай алады. Бірақ бұл үшін қайда жүгіну керек, шағым беруге қанша уақыт бар және қаулыны жоюға қандай дәлелдер негіз бола алады? Осы сұрақтарға Kazinform тілшісіне берген сұхбатында заңгер Арыс Данағатов жауап берді.

Айыппұлды төлеуге асықпау керек
Заңгердің айтуынша, айыппұлмен келіспеген жүргізуші алдымен қаулыны мұқият тексеруі керек. Құжатта құқық бұзушылықтың күні, уақыты мен орны, көліктің мемлекеттік нөмірі, жүргізуші туралы деректер мен көрсетілген бап дұрыс жазылғанына көз жеткізген жөн. Осы мәліметтердің кез келгеніндегі қате немесе сәйкессіздік шағымдануға негіз болуы мүмкін.
Келесі қадам – өз уәжін дәлелдейтін материалдарды жинау. Ол үшін бейнетіркегіш жазбасын сақтап, оқиға болған жерді, жол белгілері мен таңбаларын фотоға түсірген жөн. Ал куәгерлер болса, олардың байланыс деректерін жазып алған дұрыс.
Қайда жүгінуге болады?
ІІМ мәліметінше, қаулымен келіспеген азамат оны шығарған органға немесе сотқа шағымдана алады. Сондай-ақ өтінішті Qamqor.gov.kz сайтындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің қоғамдық секторы арқылы немесе «Е-Өтініш» жүйесімен жолдауға болады.
Арыс Данағатовтың айтуынша, тәжірибеде жүргізушілер алдымен мәселені жоғары тұрған лауазымды тұлға арқылы шешуге тырысады. Бұл – уақыт пен қаржыны үнемдеуге мүмкіндік беретін жол. Егер шағым қанағаттандырылмаса, шешімге сот тәртібімен дау айтуға болады. Мұндай іс құқық бұзушылық жасалған жердегі немесе азаматтың тұрғылықты жері бойынша сотта қаралад