Үгіт-насихат жұмысы жалғасуда
«Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық филиалы штаб мүшесінің «Қамқор» балалар үйінің еңбек ұжымымен онлайн режиміндегі жүздесуі өтті.
Үгіт-насихаттық жүздесуде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы талқыланды.
Нақты айтсақ, «Nur Otan» партиясы қаланы дамытудың 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындады. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау.
Білім берудің барлық деңгейінде сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету облысты одан әрі дамытудың маңызды шарты болып табылады.
COVID-19 пандемиясы білім беру тәсілін өзгертті. 2020 жылы коронавирустың таралуына қарсы күрес аясында 2020-2021 оқу жылының 2 тоқсанында 760 мектептің 428 574 мың оқушысының 347 998; ТжКБ жүйесінің 416,8 мың оқушысы және 26,7 мың студенті қашықтықтан оқытудың жаңа форматына көшті.
Осы мақсатта «Nur Otan» партиясы төмендегідей міндеттер қойып отыр: 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамтуды қамтамасыз ету және 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамтуды 85% — ке дейін ұлғайту; жоғары және бірінші санаты бар педагог кадрлардың үлесін 43% -ға дейін арттыру, оның ішінде өңірге жаңа кадрларды тарту есебінен ұлғайту; үш ауысымды оқытуды жою үшін 24 680 орындық 40 жаңа мектеп салу; 39 бейімделген мектептің орнына 6260 орындық 49 жаңа мектеп салу; 101 білім беру нысанын күрделі жөндеуден өткізу. Нәтижесінде 2025 жылы ҰБТ-да 100-ден астам балл жинаған мектеп түлектерінің үлесі 5 пайызға артады.
«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»