Медицинадағы маңызды мәселелер талқыланды

0
3038

Қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Темірболат Ахажан, Ерлан Андасбаев, Алишер Манликов ZOOM платформасы арқылы медицина саласы  қызметкерлерімен кездесу өткізіп, аталмыш саладағы жаңалықтар мен бірқатар өзекті мәселелерді  талқылады.

Айта кетейік, партияның сайлауалды бағдарламасында денсаулық сақтау саласына айрықша көңіл бөлінген. Атап өтсек,  диагностикамен емдеудің жаңа жоғары технологиялық әдістерін енгізу, емдеу мекемелерінің жабдықталуы, материалдық-техникалық базасын нығайту, сирек профильді 20 дәрігерді (акушер-гинеколог, маммолог, балалар рентгенологтары, эндокринолог, невролог, травматолог, проктолог)  қызметке тарту, медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау, яғни, тұрғын үймен қамтамасыз ету.

Кедесу барысында Темірболат Жанболатұлы  сайлауалды бағдарламасының негізгі басым бағыттары Тұңғыш Президент Н.Назарбаев  бастамасы негізінде халықтың түпкі мүддесін және барлық саяси, экономикалық-әлеуметтік мақсат-міндеттерді   айқындайтын реформалардың бағыттарына қолдау көрсету оны одан әрі жалғастыру болып табылатынын  айтты. Сондай-ақ,  тұрғындардың денсаулығын нығайту, жалғызбасты аналарды қорғауға назар аудару, халықтың әлжауаз тобы (соғыс, еңбек ардагерлері, зейнеткерлер, мүгедектер, көпбалалы отбасылар), білім алушы жастардың әл-ауқатына баса назар аударылатын болады деді.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ