Журналистика – менің тағдырым!

0
1495

Жетпістен асса да журналист ағаның бет-жүзі әжімге берілмеген. Жауырыны еңкеймеген журналист Кенжехан РАҚЫШ ағаның жазары әлі де көп секілді. Себебі, жұмыс үстелінің үстінде қалам мен қағаздың жиналмағанын байқадым. Зейнеткерлік жастағы Кенжехан аға қазіргі уақытта шығармашылық жұмыспен айналысып жүр.

«Журналисті екі аяғы асырайды» деген сөз бар. Алайда өз саласының тісқаққан шебері, білікті маман атану үшін екі аяқ аздық етеді. Еркін мамандықта қойын дәптер мен қаламды қару етіп, жазатын нәрсеңді нақтылап алсаң, журналистика саласының қарбалас тіршілігіне енесің. Әрбір сөзіңе ғана емес, әрбір әрпіңе жауап беретін болғандықтан, кітапты көп оқу керек. Сонда ғана қателіксіз жазатын хәлге жетесің.
Мектеп кезінен бастау алған бұл мамандықты орта жолда тастап кете алмадым. Бірдеңені ойға алсам, сол мезетте уақытылы жаза жүріп, газет беттерінен орын алдым. Содан бері бұл менің мамандығым екенін түсіне отырып, қызмет атқардым. Ауыл шаруашылығы бойынша іс сапарға жіберетін, масақтардың бейтарап шашылып жатқанын, сүт өнімдерінің азайғандығын бәрін жазатынмын. Газет бетіне шыққан сыни мақала жерде қалмайтын, дереу жоғарғы билік өкілдеріне жетіп, қалыпқа келетін», – деп ағынан жарылған ағамыз өзінің еңбек жолындағы жазғандарына шолу жасады.
Жоғарыда тілге тиек еткеніміздей, Кенжехан ағаның негізгі мамандығы қаза тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі. Жоғарғы оқу орнына бірнеше жыл сабақ берседе журналис-тика саласынан алыстамапты. Сабақ беру нәтижесінің жоғары екенін аңғарған ректорлардан дәреже өсіру бойынша ұсыныстардың түскеніне қарамастан, жаны мен тәні қатар қалаған мамандықтың биік шыңынан көріне білді. Қазіргі таңда үш кітаптың авторы, облыстық «Жетісу» газетінің ардагері, Талдықорған қала-лық ардагерлер ұйымының кеңес мүшесі болуының өзі үйдегі Сәуле апайдың арқасы дейсің. Себебі, шығармашылық адам-ға жағдай жасап, еркелігін көтерудің өзі ерлік кой. Бір-біріне «сіз-біз» дескен отбасынан тек бақыттың нұрын аңғардым. Облыстық «Жетісу» газетінде қызмет атқарып жүріп зейнеткерлікке шыққан, жас кезіндегі еңбектің жемісін көріп отырған Кенжехан ағаға көрер қызығыңыз көп болсын демекпіз. Мерекеңізбен, құрметті журналистиканың ардагері!

Ардагүл ӘСКЕРБЕК


ПІКІР ЖАЗУ