Қант бағасы 61 %-ға өсті

0
1116

Елімізде қанттың айналасындағы дүрбелең басылмай тұр. Дерек көзінше бір жылдың ішінде қант бағасы 61 пайызға өскен. Қант бағасының өсуі байқалғанымен билік өкілдері баға өспейді, нарық бағамы бақылауда деп сендіруге тырысты. Бірақ нарық бағамы өз дегенін жасап отыр. Әріптесіміз айтқандай-ақ, елде «тәтті дағдарысы» болып жатыр. Өзіміз күнделікті көріп, біліп жүретін жекелеген базар мен дүкен сөрелерінде қант жоққа тән. Ал ірі супермаркеттердегі шекер сату бағасы күн сайын құбылып тұр.

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов елде қант тапшылығы бар екенін мәлімдегенін білесіздер. Ол мұның себебін Ресейден тоқтаған импортқа байланысты деп түсіндірді. Сондай-ақ күз басталғанша 350 мың тонна қант келеді деп елді даурықпауға шақырып, тапшылық алды жойылады деп сендіруде. Осы орайда оның командасы да елді даурығып, алыпсатарлардың қолшоқпары болмауға үндеді. Дегенмен «қант бітеді» деген шуды министрліктің құрғақ баяндамасы баса алмайтын сияқты. Өйткені өңірлердегі қантқа деген сұраныс күн сайын артып барады.
Алысқа бармай, Талдықорған мен қала маңында тұратын жұртшылық қант килосының 900 теңгеге жеткенін айтып шулап жүр. Дәл тосап қайнату тұсындағы дағдарыс ішкі дағдарысты ұлғайтып жібермесіне кім кепіл?!
Ел ішінде өрбіген пікірлерге құлақ ассақ ішкі өндіріс, әсіресе қызылшадан қант шығаратын зауыттар жұмысы тоқтаса, яки өндіріс қуаты азайса оларды жаңғыртуға жұмсалған миллиардтаған теңге қаражаттың ақталмай қалу қаупі артады. Бұл дегеніңіз, нарыққа келген қант өз өнімімізге сұранысты жояды дегенге саятындай ма?!
…Өзге облыстарды айтпағанның өзінде екі бірдей ірі қант зауыты бар Жетісу облысында да аталған әлеуметтік өнімнің тапшылығы қатты байқалып тұр. Неге?

С. БАЗАРҚҰЛОВА.

Alataugazeti.kz


ПІКІР ЖАЗУ