АБТ жүйесі жұмысының тиімділігі

0
32

«Аудио-бейне тіркеу жүйесі» сот процестерін техникалық тіркеуге арналған: оқиғаның басталуы, оқиғаның атауы, қатысатын адамдар және қысқаша түсініктер, соттың құрамы туралы мәліметтер, істің нөмірі және т.б. хронологиялық кезеңділікпен көрсетілетін сот отырысының қысқаша хаттамасын жасау АБТ жүйесі жұмысының нәтижесі болып табылады.

           Бұл судьяларды және сот мәжілісіне басқа да қатысушыларды тәртіпке шақырады, сот процесі мен сот қабылдаған шешімнің объективтілігін қамтамасыз етеді. Айта кету керек, сот процестерінің аудио-бейне тіркеу жүйесімен өтетіндіктен қатысушы тараптар бұл аудио-бейне тіркеу жүйесінің сот төрелігін атқарудың қаншалықты ашық әрі қолжетімді екендігіне әбден көздері жетеді. Сондықтан бәрін көздерімен көріп, көңілдеріне тоқып отырған олардың тарапынан арыз-шағымдар да түспейді.
Өйткені, аталмыш жүйе жазып алынған ақпараттарға қолжетімділікті және оны бұрмалау мүмкіндігін болдырмайды. АБТ (Аудио-бейне тіркеу) жүйесінің функционалдылығына келер болсақ, сот отырысын сандық аудио-бейне жазып алуға, сот отырысының қысқаша хаттамасын жасауға мүмкіндік туып отыр. Аудио-бейне тіркеуді жүргізер алдында сот отырысына қатысушылар бойынша деректер енгізу мүмкіндігі, облыстық соттардың локалдық серверінде және ҚР Жоғарғы Сотының орталық серверінде аудио-бейне файлдарды және ілеспе ақпараттардың сақталуына жол беріп отыр. Сот органдарының (сот ісін жүргіу бөлігінде) ақпараттық жүйелермен және «Сот кабинеті» секілді басқа да ақпараттық жүйелермен интеграция жүргізілген.
Сот жүйесін дамытудың ықпалды тетіктерінің бірі – соттарды заманауи құралдармен қамтамасыз ету. Соңғы жылдары сот жүйесінде заманауи талаптарға сай, электронды сот өндірісін дамыту жұмыстары кеңінен жүргізілуде. Мәселен, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты өзінің ресми сайтында онлайн сервистерге және сот органдарының қызмет көрсетулеріне қолжетімділіктің жалғыз терезесі болып табылатын «Сот кабинеті» электрондық жобасы 2014 жылдан бастап іске қосылып келеді. «Сот кабинеті» жүйесі арқылы «Сот құжаттарымен танысу» сервисі, сот процестерін таспаға жазу жүйесі, тараптарға СМС және электронды хабарламалар тарату секілді жобалар жүзеге асырылып келеді.
Қазіргі таңда сот төрелігіне жүгінушілер талап арыздарын ұзын-сонар кезекке тұрмай-ақ, Сот кабинеті электрондық жүйесі арқылы соттарға жолдай алады. АБТ шеңберінде шет мемлекеттердің тәжірибесіне сүйене отырып, сот залдарын бейнеконференц жүйесімен жабдықтау арқылы сот төрелігін қашықтықтан жүзеге асыру мүмкіндігі артты. Осы жобаның іске асуы қылмыстық атқару жүйесін сотталушыны алып жүру жүктемесінен босатуға, ал сотталушының бейнеконференц арқылы ұсталған жерінде айғақ беруіне мүмкіндік берді. Заманауи технологияларды сот жүйесінде қолдану ел тұрғындары үшін сот жүйесінің барынша ашық әрі қолжетімді бола түсуіне ықпал етуде.
Айгүл КӘЛПЕБАЕВА,
Талдықорған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы