Қылмыстық құқық бұзушылық дегеніміз не?

0
34

Бәрімізге белгілі, 2015 жылы Қазақстан Республикасында қазіргі қолданыстағы Қылмыстық кодексі қабылданып, оған бұрынғы кодекспен салыстырғанда біршама өзгерістер енгізілген болатын. Жаңа кодексте қылмыстық құқық бұзушылықтар қоғамға қауіптілік және жазаланушылық дәрежесіне қарай 2 түріне, яғни қылмыстар және қылмыстық теріс қылықтар болып бөлінген. Осы Кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты жасалған, қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады. Ал қылмыстық теріс қылық деп қоғамға зор қауіп төндірмейтін, болмашы зиян келтірген не адамның жеке басына, ұйымға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіру қатерін туғызған іс-әрекет (әрекет не әрекетсіздік) танылады.

                  Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы деген тұжырым да қылмыстық істерде жиі кездеседі. Енді осы жайлы да толығырақ түсініктеме бере кетсек. Мәселен, осы кодекстің осы Кодекстiң түрлi баптарында немесе баптарының бөлiктерiнде көзделген, адам солардың бiрде-бiреуi үшiн сотталмаған немесе заңмен белгiленген негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екi немесе одан да көп іс-әрекеттi жасау, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы деп танылады. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы кезінде адам, егер осы іс-әрекеттердiң белгiлерi осы Кодекстiң бiр бабының немесе бабының бiр бөлiгiнiң неғұрлым қатаң жазаны көздейтiн нормасында қамтылмаған болса, әрбiр жасалған іс-әрекет үшiн осы Кодекстiң тиiстi бабы немесе бабының бөлiгi бойынша қылмыстық жауаптылықта болады.
Сондай-ақ, аталған кодекстің екi немесе одан да көп бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтардың белгiлерi бар бiр әрекет (әрекетсiздiк) те қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы деп танылады. Қылмыстардың мұндай жиынтығы кезінде адам, егер бiр іс-әрекеттiң белгiлерi осы Кодекс бабының басқа іс-әрекет үшiн неғұрлым қатаң жазаны көздейтiн нормасында қамтылмаған болса, әрбiр жасалған іс-әрекет үшiн осы Кодекстің тиiстi баптары бойынша қылмыстық жауаптылықта болады. Егер дәл сол бір іс-әрекет осы Кодекстiң тиiстi баптарының жалпы және арнайы нормаларының белгiлерiне сәйкес келсе, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы болмайды және қылмыстық жауаптылық осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң арнайы норманы қамтитын бабы бойынша туындайды.
Қатардағы қарапайым адамдар құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылыққа тартылатыны жайлы бейхабар болумен қатар, сот құқық бұзушылық деген сөздің мән мазмұнын да жете түсінбей жататындықтан, құқық бұзушылыққа жол бермес бұрын оның алдын алған дұрыс деген тұжырымды құптай отырып, оқырмандарға құқық бұзушылық жайлы тағы да қосымша мағлұмат беріп отырмыз.
Айнұр ЕСТАЙ,
Қонаев қаласы мамандандырылған

тергеу сотының судьясы