Суға батқан балалар құтқарылды

0
399

Жазғы суға түсу маусымы қауіп-қатерге толы. Аптап ыстықтан өзен-көлдерді жағалағандар  қауіпсіздік ережесін сақтамаудан, ай күннің аманында судан ажал құшып жатқандар аз емес.

Тереңіне тартып кететін, болмаса иіріміне үйіріп тұншықтырған тілсіз жаудың  құрбанына  айналғандар арасында жас та, жасамыс та бар. Әсіресе, жауқазындай қаулап өсіп келетін  жасөспірімдерді өздерімен бірге өзен-көлдерге апарған ата-аналар балаларын  қадағалауды мүлде естен шығарып алады. Оның арты  адам шығыны болып, орны толмас өкінішке ұласады. Кәмелеттік жасқа толмаған, әрі емін-еркін суда жүзе алатын жасөспірімдер жағажай маңынан қашыққа малтып кетіп, күш-жігері сарқылып, тереңге батып кетеді дейді төтенше жағдайлар жөніндегі баспасөз өкілдері. Биылғы жылы суға түсу кезеңінде  құтқарушылар назарына ілігіп,  тілсіз жаудан  аман қалғандар арасында балалардың саны басым екенін баса айтты. Мәселен, Қонаев қаласындағы  Қапшағай су қоймасында 16-шілде күні екі адам құтқарылған. 2005-2004 жылы туылған қыз балалар жағадан 100-150 метр қашықтыққа кетіп қалған.  25-ші шілде күні жедел құтқару жасағының құтқарушылары  Қапшағай №7-ші  қалалық жағажайдан 150 метр қашықтықтан  шомылу кезінде  тереңдікке түсіп,  бата бастаған 15 жасар қыз бала құтқарылды.  2007 жылы туылған қыз бала жағаға жеткізіліп, ата-анасына тапсырылды.

Балқаш көлінің жағалауында бала жоғалды деген дабыл қағылады. Дереу іске кірісіп, іздестіру-құтқару жұмыстары қолға алынып, бір сағат ішінде 2013 жылы туылған бала көлдің жағасынан табылған.  5-км қашықтықтан табылған   балада  ешқандай жарақат болмаған. Мұндай оқыс  жағдай  Алакөлдегі Ақши демалыс орнында да  көрініс берді. Демалуға барған ата-аналар судағы қауіпсіздік ережелерін жадынан шығармай  және су маңындағы кәмелетке толмаған балаларға үнемі назар аударып отырулары тиіс деген төтеншеліктер шомылу маусымында қауіпсіз шаралары жайлы  жағажайдағы  демалушыларға үгіт насихат жүргізіп, жарнама  парақшаларын таратып, дауыс күшейткіш құралдары арқылы  алдын ала насихат жұмыстары жүргізілуде. Алайда ата-ана  тарапынан балаларына абай болуда селқостық таныту сейілмей тұр.

Айтақын МҰХАМАДИ


ПІКІР ЖАЗУ