Спорт мекемелері күш сынасты

0
91282

Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы және бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығының ұйымдастыруымен спорт мекемелері арасында футзалдан турнир өтті. Спорттық дода Талдықорғандағы Жастар спорт сарайында ұйымдастырылды.

Аталған спорттық шараға 34 мекеме қатысты. Жарыс бағдарламасына сәйкес, топтық кезең мен ширек финалда бір тайм уақыты – 10 минут, тайм арасындағы үзіліс – 5 минутқа созылды. Турнирға бір мекемеден тек бір команданың қатысуына рұқсат етілді.

Жарыс қорытындысы бойынша «Намыс» барлық спорт түрлерінен дамыту дирекциясы турнирді өте сәтті бастап, қарсыластарынан қара үзіп, турнир кестесінде көш бастап, 1-ші орынға ие болды. Жүлделі 2-ші орынды Ақсу ауданының бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы қанжығаласа, ал 3-ші орынға Талдықорған орталық бассейнінен шыққан команда орнықты.

Жарыс соңында турнир қатысушылары мұндай шаралардың денсаулыққа пайдасынан бөлек,  спорт қызметкерлерінің жақын танысып, араласып, тәжірибе алмасуларына мүмкіндік беретінін атап өтті.

                       «АЛАТАУ-АҚПАРАТ»

 

 


ПІКІР ЖАЗУ