Қысқа-нұсқа

0
353

Текелі кенді қайта өңдеу кешені  іске қосылады

Біраз уақыт жұмысы тоқтап тұрған Текелі кенді қайта өңдеу кешенін іске қосу сәуір айына жоспарлануда. Бұл туралы «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы Текелі қалалық филиалында Текелі қаласының әкімі Алмас  Әділдің қатысумен өткен жиында айтылды.

 

Жолаушы тасымалы жолға қойылды

Қаңтар айының ортасында Көксу ауданының орталығын елді мекендермен жалғайтын бірнеше бағыттағы жолаушы тасымалы жолға қойылып, Балпық би ауылының ішіндегі қоғамдық көлік қатынастары жаңа бағыттармен толықты. Сондай-ақ  Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзек ауылында  да  екі бағыттағы маршрут іске қосылды.

Инвестициялық жоба

«Алтынемел» ұлттық паркі аумағында экологиялық туризмді дамыту бағытындағы инвестициялық жоба іске асырыла бастады. Қазіргі кезде онда шолу алаңы, самалжай, кемпингтер, ақпараттық қалқандар, навигациялық бағыттағыш белгілер, құрғақ әжетхана орнатылған.

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік қорының көмегі

Жетісу облысында тұратын әлеуметтік жағынан аз қамтылған 24 азамат өзінің жеке кәсібін ашуға қажетті құрал-жабдықтарға ие болды.  Нәтижесінде олар аспаз, электр механигі, сұлулық салонының маманы, тігінші сияқты бірқатар кәсіптерді бастауға мүмкіндік алды.

Таза ауыз суға қол жеткізеді

«Ащыбұлақ» саяжайында сумен жабдықтау желілерінің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, 700-ге жуық тұрғын таза сумен қамтамасыз етілді. Наурыз айында Қызыл тас және Қаратал саяжайының 6 мыңға жуық тұрғыны таза ауыз суға қол жеткізеді.

 


ПІКІР ЖАЗУ