Балаларды жазғы сауықтыруға 622 миллионнан астам теңге бөлінді

0
276

Жаз айлары – балалардың толыққанды демалып, денсаулықтарын нығайтып жаңа оқу жылын тың күшпен бастаулары үшін қолайлы уақыт. Әрбір бала жанға жайлы  демалысты қызықты өткізуді армандайды.

Балаларды жазғы сауықтыруға  облыстық бюджеттен 622 миллионнан астам қаржы бөлінген. Облыс бойынша қала сыртындағы  10 лагерь бар, оның 6-ы мемлекеттік, 4-і жекеменшік. Бұл туралы  Өңірлік  коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық білім  басқармасының дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Айбол Қасенов мәлім етті.

«Облыс бойынша қала сыртындағы 9 лагерге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Атап  өтсек, Текелі қаласында «Алтын Чажа», «Эдельвейс», «Бастау», Алакөл ауданында «Шағала», Көксу ауданында «Қарлығаш», Ескелді ауданында «Айналайын»,  «Көктөбе», Ақсу ауданында «Тамшыбұлақ», Панфилов ауданында «Қарлығаш», – деді Айбол Батырболұлы.

Спикердің айтуынша, қала сыртындағы лагерлерге облыстық білім басқармасы тарапынан комиссия құрылып, жазғы демалыс кезіндегі дайындығына, абаттандырылуы, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары және санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігіне тексеру, бақылау жұмыстары жүргізілді.

Брифингте сөз алған облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Чарапиевте жазғы сауықтыру лагеріне қатысты  ойын ортаға салды.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ