NIS – Индонезиямен байланыста

0
714

Талдықорғандық NIS мектебінің оқушылары Джакартадағы «Sekolah Cikal» индонезиялық мектебіндегі құрдастарымен онлайн кездесу өткізді.

Кездесуді Зияткерлік мектеп кітапханашылары ұйымдастырды. Оқушылар өздерінің мемлекеттері туралы әңгімелеп, елінің салт-дәстүрімен, мәдениетімен таныстырды. Шетелде Отан даңқын асқақтатқан ең танымал қазақстандықтар туралы ақпарат индонезиялық оқушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды.
Кездесуді NIS оқушылары ашты. Қазақстанның таңғажайып, алуан түрлі табиғаты туралы бейнеролик ұсынып, тарихи орындарға толығырақ тоқталып, елдің сұлулығын көрсетті.
Өз кезегінде Джакартадағы Sekolah Cikal мектебінің оқушылары жойылып бара жатқан жануарлар түрлері туралы айтты. Сонымен қатар өздерінің тарихы, негізгі дәуірлері, тағамдары мен дәстүрлері туралы қысқаша экскурс жасады.
Онлайн кездесу барлық қатысушыға таңғажайып және ерекше елдер – Қазақстан мен Индонезияның мәдениетін сезінуге мүмкіндік берді.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ