САРБАЗДАРМЕН КӨРСЕТІЛІМ САБАҒЫ ӨТТІ

0
111

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының Техникалық және кәсіби даярлық бөлімінде «Күз-2024» мерзімді әскери қызметшілерімен көрсетілім сабағы өтті.

Әскери өмірге алғашқы қадам жасаған сарбаздарға «ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қалыптасуы және даму тарихы» тақырыбында дәріс оқылды. «Әскери қызметшілерді орналас-тыру және ішкі тәртіп», «Мерзімді қызмет сар-баздарының әскери тамақтануы, заттай және ақшалай үлесі туралы жалпы ережелерді зерделеу» тақырыптарында сабақ өтті. Әскери плацта сарбаздарды азық-түлік, киім-кешек үлестерімен, радиациалық, химиялық және бактериологиялық қорғаныспен, инженерлік құралдарымен, қару-жарақ үлгілерімен және байланыс құралдарымен таныстырды. Плацта қызметтік итпен шекара бұзушыны ұстаудың әдіс-тәсілдерін тамашалады.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ