АЛАКӨЛДІК ДАРЫН ЖЕҢІС БИІГІНДЕ

2025 жылғы 20-23 ақпан күндері Алматы қаласында оқушылардың зияткерлік, шығармашылық және инженерлік-техникалық қабілеттерін дамытуға бағытталған «First Robotics Almaty Tech Cup 2025, Central Asia FIRST Championship and Drone Racing» халықаралық байқауы өтті.
Жыланды мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Елзат Жанатов ерекше табысқа жетті. Ол робототехника бойынша Орта Азия чемпионатында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің толық төрт жылдық грантын жеңіп алды.
Елзаттың бұл жетістігі – оның табанды еңбегінің және кәсіби білікті ұстазы Айдос Ордабаевтың бағыт-бағдар беруінің нәтижесі. Жетекшісінің қолдауы мен оқушының тынымсыз ізденісі осындай биік белесті бағындыруға сеп болды.
Оның халықаралық чемпионаттағы жетістіктері өңірде талантты инженерлер мен бағдарламашылардың өсіп келе жатқанын, әрі олардың әлемдік деңгейде бәсекеге түсуге қабілетті екенін дәлелдеді.
Назерке НАБИКЕНОВА
Алакөл ауданы