БАЛАЛАР АЛЛЕЯСЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КОНЦЕРТ АТАП ӨТТІ

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының балаларға арналған аллеясында Жаркент қаласы Алтыүй ауылының орта мектеп оқушыларының қатысуымен Республика күні мерекесіне арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Шара барысында оқушылар патриоттық әндер шырқап, би және поэзиялық қойылымдар көрсетті. Жеке құрам мен ауыл тұрғындары жас өнерпаздарға қолдау көрсетіп, ерекше мерекелік көңіл-күй қалыптасты.
Бұл шара жастарды елжандылыққа тәрбиелеу және мемлекеттік мерекелердің маңызын насихаттауға бағытталды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
