«ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙІК» КЛУБЫНЫҢ САҒАТЫ ӨТТІ

0
30

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының Техникалық және кәсіптік даярлау бөлімінде “Күз – 2025” жас шақырылымының қатысуымен “Қазақша сөйлейік” клубының сабағы өтті. Іс-шара Жетісу облысы “Тіл” оқу-әдістемелік орталығының Алакөл аудандық филиалы мамандарымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Клубтың мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, жас сарбаздардың тіл мәдениетін дамыту және олардың күнделікті қарым-қатынаста қазақ тілін еркін қолдануына жағдай жасау болып табылады.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті