«БАСҚҰНШЫ» ШЕКАРА БӨЛІМШЕСІНДЕ АШЫҚ СҰРАҚ-ЖАУАП КЕШІ ӨТТІ

0
15

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының «Басқұншы» шекара бөлімшесінде жеке құрам мен олардың отбасы мүшелерінің қатысуымен сұрақ-жауап кеші ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында әскери қызметтің күнделікті тәртібі, әлеуметтік қолдау мәселелері, қызметтік міндеттемелер және бөлімшенің алдағы жоспарлары талқыланды. Отбасы мүшелері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, толыққанды жауап алды.
Мұндай шаралар әскери қызметшілер мен олардың жақындарының арасындағы түсіністік пен сенімді нығайтып, бөлімшенің біртұтас ұжымдық рухын көтеруге ықпал етеді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті