ОҚУШЫЛАРМЕН ӨТКЕН ПАТРИОТТЫҚ ІС-ШАРА

0
38

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының «Басқан» шекара бөлімшесінде Сарқан ауданының мектеп директорлары мен Теректі орта мектебінің 11-сынып оқушыларының «Жас шекарашы» үйірмесі үшін патриоттық сезімді оятуға бағытталған іс-шара ұйымдастырылды.
Бағдарлама аясында оқушылар шекара қызметінің ерекшеліктерімен танысып, қызметтік иттермен көрсетілімдік жаттығуларды тамашалады. Шара жас буынға Отан қорғаушылардың жауапты қызметін көрсетуге және шекарашы мамандығына деген қызығушылықты арттыруға бағытталды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті