ТАРИХ СЫНАҒЫНДАҒЫ ХАЛЫҚ ТАҒДЫРЫ

ХІХ ғасырдан бастап қазақ даласында әр он жыл сайын ашаршылық жүріп отырған. Әсіресекеңестік билік орнаған тұста әр жылдары болғанашаршылықтың ауқымы мен зардабы өте үлкенеді. Қазақ даласындағы болған зұлматтыңбірнеше себептері бар. Олар: патшалық биліктіңжіберген жазалаушы әскерінің басқыншылығы, Бірінші дүниежүзілік соғыс пен Азаматтықсоғыстың басталуы, большевиктердің қазақтардыңмал-мүліктерін тәркілеу мен күштеп ұжымдастыру. Сондай-ақ, індет пен құрғақшылық та кері әсерінтигізген. Кеңестік биліктің қазақ халқына жүргізгенсаясатына қарсылығы 1928-1932 жылдараралығында елдің әр аумағында қамтыды. Тарихшы-ғалым Тұрғанбек Алланиязовтыңзерттеулеріне сүйенсек көтерілістердің саны 545-ке жеткен. Солардың ішінде Жетісу облысындағыБүйен-Ақсу, Қаратал, Қоғалы, Бөрібай сияқтыбірнеше көтерілістер болған. Ал, ол көтерілістіңбарлығы большевиктердің күшімен басылып, жаншылғаны белгілі.
Қазақстан өлкелік комитетінің бірінші хатшысыГолощекиннің 1931-1933 жылдардағы қолданжасаған қызыл қырғыны – ең қасіреттісі, еңауқымдысы болды. Мемлекеттік комиссияныңшешімі бойынша 2 млн 100 мың адам құрбанболғандығы туралы дерек келтірілсе, кейбірғалымдардың зерттеулерінің дерегіне сүйенсекКеңестік биліктің солақай саясатыныңсалдарнынан халықтың 50-60 пайызға жуығы ажалқұшқандығы айтылады.
Биыл 1931-1933 жылдардағы ашаршылыққа 95 жыл! Алда келе жатқан 31 мамыр ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінеорай Жетісу облысының МұхамеджанТынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетанумузейінің ұйымдастыруымен «Тарих сынағындағыхалық тағдыры» атты республикалық деңгейдедөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аталған шара Үштөбе қаласындағы Қаратал тарихи-өлкетанумузейінде өтті. Келген қонақтарға Алматы облысымузейлер бірлестігіне қарасты Саяси қуғын-сүргінмузейінің жылжымалы көрмесі таныстырылды.
Дөңгелек үстелге алаштанушы, тарихшы-ғалымМанкеев Нұрдәулет Белекұлы, Тарихғылымдарының докторы, профессор, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері МұхатоваОразгүл Хасенқызы, І.Жансүгіров атындағы Жетісууниверситетінің оқытушысы, тарих ғылымдарыныңмагистрі Өнербек Қуанған, сондай-ақ, мәдениетқызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, ұстаздар мен оқушылар қатысты.
Алғашқы болып баяндама оқыған НұрдәулетБелекұлы патшалық ресей кезеңінен бастапкеңестік билік тұсындағы елді отарлау, ұжымдастыру, 1928 жылдардағы байлардытәркілеп, жер аудару туралы айтып, «Буржуазиялықұлтшылдар» деген жалған айып тағылған алашқайраткерлері мен ұлт зиялыларын қудалаутақырыбына кеңірек тоқталды. «Патшалық ресеймен кеңестік биліктің жүргізген отарлаусаясатының басты негізі жердің асты мен үстіндегібар байлықты игеру, сол арқылы елге үстемдікорнату болатын. Ұжымдастыру, тәркілеу, түркісібтеміржолын салудағы мақсат та кеңестік биліктіңстратегиялық саясаты…» — дейді НұрдәулетБелекұлы.
Тарих ғылымдарының докторы ОразгүлМұхатова өзі құрастырған «1931-1933 жылдардағыашаршылық: Жетісу облысы бойынша нәубеткуәгерлері мен ұрпақтарының естеліктері» аттыкөптомдық жинақ бойынша баяндама жасады. Жетісудағы аламат аштық кезіндегі өңірдегі ахуал, саяси жағдай айтылып, архивтік деректемелеркелтірді. Мәселен Қаратал өңірінің бір топ азаматтары 1932 жылы Сталинге жолдаған жеделхатта мынадай деректер келтіреді: «Ауданның барлық аймақтарын аштық жайлады. Балқаш көлінің жағасындағы үш ауылдың тоз-тозы шықты, тарап кетті. Қалған алты әкімшілік аумағындағы ауылдардың 4417 шаруашылығы бар еді, соның 2260-ы ғана қалды. Олардың да тұрғындарының 63 проценті аштыққа душар болды, қалған тұрғындар да көмекке зәру. аштық 1931 жылдың желтоқсан айында елді жаппай қамтыды. Нақтылай түсетін мәлімет бойынша 600 адам өлген, ашыққандар арам өлген жылқының еті мен ішек-қарнын жей бастады…». Сондай-ақ, Жетісудағы адам санының күрт азайып, өлген адамдардың етін жейтіндердің пайда болғаны, өз балаларын асырай алмайтын болған соң интернатқа өткізгендердің саны артқандығы айтылды. Кейін ол балалар туралы ешқандай мәлімет табылмаған жағдайлар болған. Ондай оқиғалардың бірін мысалға келтірген Оразгүл Хасенқызы: «Аштық кезінде Сағабүйенде тұратын бір келіншек үш баласын асырай алмайтын болғаннан соң Қапалдағы балаларға арналған интернатқа өткізген. Алайда, кейін жағдай тұрақталып, ел есін жиған тұста ол балалардың бар-жоғын, қайда екені туралы бірде-бір мәлімет таппаған» — дейді. ҚР Президенті архивінің негізін ала отырып дереккөздерді саралаған
Жетісу университетінің оқытушысы Өнербек Қуанған кеңестік жүйенің қолдан жасаған аштыққа қарсылық білдірген ұлт зиялыларының әрекеттерін баян етті.
Жетісудағы ашаршылық тақырыбында өлке тарихына қатысты естеліктер мен деректемелерді жинауда еңбек еткен
Қаратал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, өлкетанушы Рахымғали Өтегенов келелі жиын соңында көпшілікке ақ батасын беріп, ел бірлігі мен ұрпақ тәрбиесінің маңызын атап өтті. Сонымен қатар, тағылымды шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына ризашылығын білдіріп, жиынға қатысушыларға алғысын жеткізді.
Иә, бір сөзбен айтқанда, ұлт тарихымен тәрбиеленеді. Бүгінде ашаршылық құрбандарын еске алу – тарих алдындағы маңызды парыз. Бұл басқосу – өткеннен сабақ алып, ел бірлігі мен тәуелсіздіктің қадірін түсінуге үндейді. Ал өткен ғасырда ұлт жадында мәңгі сақталған қаралы күндерді тарихи қасірет, тіпті қолдан жасалған геноцид ретінде тану – келер ұрпақ алдындағы әділетті көзқарастың көрінісі болмақ.
Қалқаман АБДРАХМАНҰЛЫ,
Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің редакторы








