ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢАРЫП ЖАТЫР

0
39

Талдықорғанда жылу желілерін жаңғырту және жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды жалғасуда. Қала әкімі Ернат Бәзіл шаһар аумағындағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен мерзімін тексерді.

Алдымен шаһар басшысы Жансүгіров көшесіндегі жылу желілерін жаңғырту жобасының барысымен танысты. Биыл «Ұлттық жоба» аясында диаметрі 700 мм болатын жылу құбырларын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Жоба Гагарин мен Ескелді би көшелері аралығындағы 3,5 шақырым аумақты қамтиды. Мамандардың айтуынша, жұмыстар қыркүйек айында толық аяқталады.
Сонымен қатар, қала әкімі Шевченко және Дайыров көшелеріндегі орташа жол жөндеу жұмыстарын да бақылап шықты. Қазіргі таңда бұл аумақтарда арық жүйелерін орнату, жиек тастарды ауыстыру және жол қабатын тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта асфальт төсеу басталады.
Ернат Бәзіл мердігер ұйымдарға құрылыс сапасына ерекше назар аударып, барлық жобаларды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ