Сот актілерін орындау тәртібі мен мерзімдері

0
33

Қазақстан Республикасында әділ сот төрелігін қамтамасыз етудің маңызды элементтерінің бірі — сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету. Сот шешімі заңды күшіне енген соң, ол міндетті түрде орындалуға тиіс. Алайда, сот актілерінің уақытылы әрі толық орындалуы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін нақты қорғаудың кепілі болып табылады. Сот актілері — бұл сот төрелігін жүзеге асыру барысында шығарылатын шешімдер, ұйғарымдар, қаулылар және үкімдер. Бұл құжаттарда сот тараптардың арасындағы дауды шешеді немесе нақты құқықтық қатынастар бойынша қорытынды жасайды.

        Азаматтық процестік кодексінің 241-бабына сәйкес, шешім, дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды күшіне енгеннен кейін орындалуға жатады. Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін атқару парағы беріледі. Атқару парағын бірінші сатыдағы сот шешімі заңды күшіне енген немесе іс жоғары тұрған соттан қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде береді. Атқару құжаты судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық атқарушылық құжат түрінде берілуі мүмкін. Сот приставы сот бұйрығын орындаған жағдайда, шешім қабылдаған сотқа он жұмыс күні ішінде немесе «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Заңында белгіленген орындау мерзімі аяқталғаннан кейін, орындалмау себептері туралы ақпарат беруге міндетті. Сот шешімін мәжбүрлеп орындауға ұсынғанға дейін орындаған борышкер үш жұмыс күні ішінде шешім қабылдаған сотқа хабарлауға міндетті.
Соттың заңды күшіне енген шешімін орындамау заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. Сот актілеріне:азаматтық істер бойынша (мысалы, қарызды өндіріп алу, мүлікті бөлу); әкімшілік істер бойынша (мысалы, әкімшілік айыппұл салу); қылмыстық істер бойынша (мысалы, үкім шығару) болуы мүмкін.
Сот шешімдерін орындау үшін орындау өндірісін қозғайды; Қарыздардан мүлік, қаражат өндіріп алады; Жалақы, алимент, айыппұл сынды міндеттемелердің орындалуын қадағалайды; Қажет болған жағдайда, борышкердің мүлкіне тыйым салады.
Сот актісін орындау бірнеше кезеңдерден тұрады: Өндіріп алушының өтініші негізінде орындау өндірісін қозғау, бұл дегеніміз сот шешімі күшіне енген соң, мүдделі тарап сот орындаушыға жүгініп, орындау парағын ұсынылуы; Орындау өндірісін қозғау туралы қаулы шығару, бұл дегеніміз сот орындаушы өндірісті қозғау туралы қаулы шығарып, борышкерге хабарлама жіберілуі; Борышкерге ерікті түрде орындауға мерзім беру, бұл дегеніміз борышкерге шешімді ерікті түрде орындауға 5 күндік мерзім берілуі; Мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану, бұл дегеніміз егер борышкер ерікті түрде орындамаса, сот орындаушы: мүлікті тәркілей алады; банктік шоттарды бұғаттай алады; жалақы мен кірістерден ұстау жасай алады; шетелге шығуға тыйым салуы мүмкін.
Әсем АСБЕКОВА, Жетісу облысының жеке сот
орындаушысы