«Қорғас» шекаралық бақылау басқармасында балаларға арналған шара

0
26

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай әскери қызметшілердің балаларына арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында балаларға ойын-сауық және танымдық бағдарламалар ұсынылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Сонымен қатар, қатысушыларға тәтті сыйлықтар табысталып, түрлі қызықты іс-шаралар өткізілді.

Мерекелік шара балаларға қуаныш сыйлап, отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті