АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

0
29

Қапал ауылдық округінің спортшылары халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижелер көрсетуді жалғастыруда.

2026 жылдың 5-14 маусымы аралығында Қырғыз Республикасының көркем Ыстықкөл жағалауында қол күресінен Азия чемпионаты өтуде. Аталған байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен «Qapal ARMWRESTLING CLUB» спорт клубының спортшысы Қуанған Ернат жоғары шеберлік танытып, бірнеше жүлдеге қол жеткізді.
Жастар арасында 65 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшы оң қол бойынша күміс медаль иеленіп, ІІ орынға тұрақтады. Ал сол қол бойынша қола жүлдеге ие болып, ІІІ орынды жеңіп алды.
Сонымен қатар ересектер арасындағы 60 келі салмақ дәрежесінде де Қуанған Ернат тамаша нәтиже көрсетіп, оң қол бойынша ІІ орынға, ал сол қол бойынша ІІІ орынға ие болды.
Бұл – спортшының табандылығы мен тынымсыз еңбегінің, сондай-ақ бапкерлерінің кәсіби дайындығының жемісі. Қуанған Ернаттың спорттағы жетістіктеріне жаттықтырушылары Досаев Ришат пен Чепель Владимир Сергеевичтің қосқан үлесі зор.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»